«Кімге тиеміз?»: Меруерт Түсіпбаева жар іздеп жүр
42 жасқа келіп шаңырақ көтерген өнердегі досы Асқар Меңдібаевтың үйленгенін естіген Меруерт Түсіпбаева таңданысын жасыра алмады деп хабарлайды «Айта берсін» бағдарламасы.
Әнші Асқардың 14 жас кіші жұбайына жасаған ұсынысын көріп, таңғалған.
«Мен осындай ақылды, білімді, сымбатты жігіттің осы күнге дейін бойдақ жүргенін естігенде таңғалдым. Өзіміз тиейік десек, адам жоқ. Кімге тиерімізді білмейміз. Қазақтар аз өзі. «Әйтеуір, бір рет барып келдік қой» деп жүрміз. Мен Асқардың басы бос екенін мүлде білмеппін», — деп ағынан жарылды Түсіпбаева.
Айта кетейік, әнші ұлымен бірге 10 жылға шетелге виза алып қойғанын да мәлім етті.
«Жақын достарымыздың бәрі көшіп кетті. Менің досым «Меруерт АҚШ-та адамдар 45 жасында отбасын құрып, 50 жасында балалы болып жатады» дейді. Сонымен Америкаға барамыз. Қартаймаймыз. Жігіт іздейміз», — деп күлді әнші.
Дереккөз: NUR.KZ