Аптаның үздік жеті хикаясы
Әлеуметтік желіде қызу талқыланған «Біз – бандамыз» дейтін жаңа жылдық құттықтау видеосын түсірген Қарағандыдағы ІІМ академиясының қызметкері жұмыстан қуылды. Сарапшы «бұл – қоғамды сабырға шақыру үшін жасалған амал» дейді. Бұл шулы хикая туралы Аян Қалмұраттың мақаласынан оқып біліңіз.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 450 миллиард теңгесі «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингіне инвестиция ретінде салынды. Кей сарапшылар шығынға батқан компанияға қарызға берілген қаржы қайтпай қала ма деп қауіптенеді. Ал Ұлттық банк холдингтің кредит төлеу рейтингіне сенеді.
Оралда 1929-1940 жылдары қазақ жазуы кириллица графикасына көшпей тұрып қолданылған латын әліпбиіне арналған көрмеге балалар әдебиеті, ғылыми-танымдық басылымдар мен оқулықтар қойылған. Осы көрмеден Петр Троценко түсірген суреттерді қараңыз.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2018 жылы жемқорлық фактілері бұрынғыдан азайғаны туралы хабарлады. Кей сарапшылар «жемқорлықпен күрестің қазіргіден әлдеқайда тиімді жолы бар» дейді. Бұл жайлы Асылхан Мамашұлының мақаласынан оқыңыз.
Appport атты мобильдік қосымша арқылы Ақтөбеде тауар мен қызмет түрлерін жарнамалау жобасын құрып, жүздеген салымшы тартқан кәсіпкер Қуаныш Жақсыбаев алты жарым жылға сотталды. Сотталушыға кесілген жазаны естіген сәтте оның жақтастары сот залындағы жиhаздарды қиратып, судья мен прокурорды «әділ емессіңдер» деп тілдеді. Оқиғаға куә болған Азаттық тілшісі Жаңагүл Жүрсіннің мақаласын оқыңыз.
Мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен өліміне қатысты сот жалғасты. Сот тыңдауында үш күдікті судья сұрақтарына жауап берді.
2018 жылы постсоветтік елдер мемлекеттік мерекелерін қалай атап өтті? Қай ел мерекеге орай биыл қанша күн демалғанын санап шықтық. Ол туралы Азаттықтың инфографикасынан танысыңыз.
Дереккөз: Азаттық