Ғалымдар теңіз суының тартылуына байланысты дабыл қақты

0
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

168 0 0

Өлі теңізге құрғап кету қаупі төніп тұр, су қоймасы жыл сайын 1 метрге дейін суалып барады

АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Өлі теңіз ондаған жылдардан кейін жер бетінен жойылып кетуі мүмкін.  

Ғалымдардың айтуынша, су қоймасы жылдан жылға шамамен 1 метрге дейін тартылып барады. Оған жаһан климатының өзгеруі мен техногендік өндіріс себеп, деп жазды Хабар 24. 

Өлі теңіздің маңайында орналасқан фабрикалар суды бу-лау әдісі арқылы құнды минералдарды өндірумен айналысады.

Мамандардың мәліметі бойынша, 2050 жылға қарай Өлі теңіз толығымен құрғап кетуі ықтимал.  Осы себепті теңіз аймағы өмір сүруге жарамсыз болуы әбден мүмкін. Қазірдің өзінде теңіз суы тартылған жерлер қауіпті саналады. Құрғаған аймақ ойдым-ойдым болып кетті.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/