Таиландта зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтар жоқ — CІМ — Ел жаңалықтары
Таиландтағы дауыл бәсеңдеп жатыр. Зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтар жоқ, бірақ оларға демалып жатқан жерден алыс аумаққа бармауға кеңес беріледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.
«Дауыл 4 қаңтардан 5 қаңтарға қараған түні болды. Краби провинциясы, Пхукет аралы мен Андаман теңізінің солтүстік-батыс жағында болды. Таиландтағы курорттық аумақтарда демалып жатқан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ. Отандастарымыздан шағым түскен жоқ. Біздің дипломаттар жағдайды бақылап жатыр, барлығы қатаң бақылауда», — деп хабарлады Смадияров.
Таиланд билігіндегілердің мәліметінше, әлі бірнеше күн бойы жауын-шашынды ауа райы сақталады. Кейбір аудандар су астында қалып қойған екен.
Таиландта жойқын дауылдан бір адам қаза тапты: Төтенше жағдайдың суреттері мен видеолары
«Қазақстан азаматтарынан қауіпсіздік шараларын сақтап, суда абай болып, курорттық аумақтарынан алыс жерлерге бармауға кеңес береміз», — деді СІМ өкілі.
Айтуынша, олар Таиландтағы қазақстандықтармен байланыста және барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz