Қостанайлық онкодиспансердің бас дәрігері пара алды деген күдікке ілінді — Қылмыс

0

«Қостанай облыстық онкологиялық диспансер» РМК бас дәрігері мен оның орынбасары пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин Астанада өткен брифинг барысында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Күдіктілер жекеменшік кәсіпорынның директорынан оларды ешбір кедергісіз қабылдауы үшін және жеткізілген медициналық реагенттер мен реактивтерге уақтылы ақша төлеп отыруы үшін 4,4 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді, — деп хабарлады Арман Бердалин.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz