НАСА зонды Күн жүйесіндегі ең алыс денелердің біріне жақындады

0

НАСА зерттеушілерінің болжамы бойынша, жерден 6,5 млрд км қашықтықта орналасқан Ultima Thule диаметрі 30-40 километр қисық формалы екі-үш астероидтан құралған. 

Зонд астероидқа бір-екі сағатқа ғана жақындап, сол уақытта аспан денесін толыққанды суретке түсіріп, оның ұшып өтуіне бағытына байланысты бірқатар деректерді жинайды. Бұл уақытта зонд Ultima Thule бетінен 3500 километр қашықтықта болады.

Бақылау аяқталғаннан кейін зонд жинаған деректерін Жерге жібереді.

Неліктен зонд Ultima Thule-ге бағыт алған?

НАСА кейінгі кезде Плутоннан да алыста жатқан ғарышты зерттеуді жоспарлаған еді. Әрі бұл астероид зондың ұшу аймағында ұшып жүр. Оны 4 жыл бұрын Хаббл телескопының көмегімен анықтаған болатын.

Бастапқыда нысан 2014 MU69 ретінде тіркелген-ді. Кейінірек оған Ultima Thule есімі берілді. Бұл латынша «бізге белгілі әлемнен тыс аумақ» дегенді білдіреді.

Койпер белбеуіндегі басқа да ғарыштық денелер сияқты, бұл нысан Күн жүйесінің қалыптасуы барысында пайда болған мұздан, шаңнан және тас фрагменттерден тұрады.

Теория бойынша мұндай астероидтар картоп немесе жержаңғақ сияқты сопақша  пішінді.

Телескоптармен бақылау арқылы олардың беті қою қызыл түсті екенін болжауға болады.

New Horizons зонды Ultima Thule нысанын, айналуын, құрамын және қоршаған ортасын зерттейді.

Зондтың осы миссиясынан қандай нәтиже күтеміз?

2015 жылдың шілде айындағы New Horizons-дың Плутонды зерттеуінен айырмашылығы – мұнда ұшып келген сайын жаңа фотосуреттер ағыны болмайды. Алайда зонд пен Ultima арасындағы қашықтық қысқарған сайын оның бетіндегі барлық ұсақ бөлшектерді түсіруге болады. Зонд бортындағы Оптика оның бетіндегі 30 метрге дейінгі өлшемдегі элементтерді қарастыруға мүмкіндік береді.

Астероидқа объективтерді бағыттау үшін зондтың бұрылуы керек болғандықтан, оның антеннасы Жер жағына қарай алмайды. Сондықтан НАСА диспетчерлеріне Жаңа жылдың басталуын және зондтың суреттерді беруге дайын екендігі туралы хабар бергенін күту керек.

Алдағы миссия қаншалықты күрделі?

Бұл байланыс Плутонмен салыстырғанда әлдеқайда күрделі, өйткені астероид планетадан жүздеген есе кіші.

Зонд Плутонға қарағанда оған жақын ұшады, бұл суреттерді нақтылау үшін жақсы. Бірақ егер зондтың объективтері мақсатты зонаны дәл бағыттай алмаса, Жерге тек бос ғарыш кеңістігінің бейнелері ғана келеді.

Сол себепті де бұл миссиядағы негізгі тәуекелге баратын нәрсе. Ultima төрт жыл бұрын табылғандықтан, оның орналасуы және қозғалысы туралы мәліметтер Плутонның координаттарына қарағанда әлдеқайда аз.

Айта кету керек, мұның бәрі жерден 6,62 млрд шақырым қашықтықта болып жатқанын есте сақтау қажет. Бұл қашықтықта радиосигналдың Жерге жетуі үшін 6 сағат және 8 минут қажет.

Деректерді беру жылдамдығы секундына тек 1000 битті құрайды.

Жер алғашқы суреттерді 1 қаңтарда кешкісін ғана алды, ал барлық суреттер мен деректер тек 2020 жылдың қыркүйегіне қарай жеткізілмек.

Қарлығаш ҚҰРАМЫС,

«Егемен Қазақстан»

Дереккөз: http://egemen.kz/