Санды өрнек
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Санды өрнек
Автор: Косанова Даригул Бурхановна
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 3 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-04
Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып
Тақырыбы: | Санды өрнектерді салыстыру | Мектеп: Үстірт орта мектебі |
Сыныбы: 1 «В» | ||
Оқу мақсаты: | 1.2.1.4 қосу мен алуда 0 – дің қасиеттерін әріптік теңдік түрінде көрсету: а + 0 = а, а – 0 = а1.2.1.5 жақшасыз берілген әріптік, сандық өрнектерді салыстыру | |
Тірек сөздер | Өрнектің мәні | |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: Қосумен берілген өрнек мәндерін салыстырады және өрнек құрастыра біледі.Кейбір оқушылар: Сандар, шамалар, санды өрнектер арасындағы қатынасты анықтайды. | |
Бағалау критерийлері | Сандар, шамалар мен санды өрнектер арасындағы қатынастарды (=, >, ) таңбалары арқылы көрсетеді. | |
Бұған дейінгі меңгерілген білім | Тура және тура емес теңдіктер. | |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар |
Сабақтың басы |
|
|
Сабақтың ортасы
Сергіту сәті Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру Дәптермен жұмыс Кері байланыс тапсырмалары Сабақтың соңыРефлексия |
4 Текшелерді лақтыру арқылы жаңа тақырыпты ашу.
Кіріспе тапсырма. «Нүктелі текше» ойыны. Сабақтың тақырыбын пысықтау үшін жұптық ойын ойнауды ұсынамын. Әр ойыншы текшені лақтырып, оның жоғарғы жағы мен алдыңғы жағындағы нүкте санын қосып, өрнек түрінде көрсетуі тиіс. Соңынан оқушылар жұбы бір-бірінің жұмысын салыстырып, кімде нүкте саны көп шыққанын салыстырады. Бірінші ойыншы: 3+5 Екінші ойыншы: 4+6 3+5 ? 4+6 —Санды өрнектерді қалай салыстыруға болады? Санды өрнектерді салыстыру — өрнек мәндерін салыстыру деген қорытынды жасатамын.Өрнектерді парақтарға жазып, сынып оқушыларына көрсетеді. 5.Хайуанаттар дүкенінде. Оқушылардан хайуанаттар дүкені туралы әңгіме жүргізу. — Хайуанаттар дүкенінде қандай заттар сатылады? Әрбір топ сурет бойынша өрнек құрастырады және салыстырады. Олар өз жауаптарын А4 форматты қағазға жазып көрсетеді. Топтар арасында жұмыстары туралы талдау жүргізеді. Жауаптарын тыңдаймын.Музыка ойнап тұрады. Оқушылар әр түрлі қимылдар жасайды.6 Шығарып көр. «Кім жылдам?» сайысы. Тапсырманы топтар арасында сайыс түрінде ұйымдастырамын. Жарыс кезінде тапсырма жазылған қағазды шеңбер бойымен барлық оқушы орындайды. Тапсырманы орындап болған топ тақтаға іледі. Оларды ата.7 Орындап көр. «Ізден, ойлан,тап» Оқушылар құпия цифрлар туралы айтып, бірдей суреттерде бірдей сандар шифрленетінін ескертемін. Оқушылар құпия цифрді шешіп, санды өрнектер құрастырып, салыстырады. 8 Ойлан. Логикалық тапсырма.Бұл тапсырма сандарды салыстыру дағдысын дамытуға бағытталған. Робис пен Бота сауда жасады. Қайсысының заты ауыр? Оқушылар сурет бойынша санды өрнек құрастырып, мәндерін салыстырады. Олар осылайша таразыда өлшенген заттардың салмақтарын салыстырады.8 кг+7кг > 6кг + 5кг 9 «Өрнектің мәнін тап» ойыны. Бірінші топқа мысал жазылған парақшалар таратып беремін. Екінші топқа жауабы жазылған парақшаларды беремін. Өрнектердің жауаптары жазылған парақшалар бір сызықтың бойына тұруды ұсынамын. Мысалдар жазылған парақшаларды алған оқушылар өрнектің мәнін тауып, өз жұбының қасына барып тұрады.Қосымша тапсырма. Бағытты таңда. Оқушылар тапсырмадағы өрнектердің мәндерін салыстырып, салыстыру белгілерін қояды. Және теңдікке апаратын жолды бояйды. 1 – тапсырма.Өрнектерді салыстырыңыз. Бос торкөзге салыстыру таңбасын қойыңыз.Дескриптор: Білім алушы— жақшасыз берілген санды өрнектерді дұрыс салыстырады;— жақшасыз берілген әріпті өрнектерді дұрыс салыстырады;Сендерге сабақ ұнады ма? Естеріңде не қалды? Сабақта қандай қиындықтар болды?Стикерлер таратамын. Білім ағашына жапсырады. |
Текше ОқулықИнт. Тақта Бейне таспа Инт. Тақта Жұмыс дәптері А4 жазылған кері байланыс тапсырма лары стикерлер |
Бағалау | Оқушылар сабақтың соңында:сандар, шамалар мен санды өрнектер арасын дағы қатынастарды (=, ≠, >, Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өз-өзін бағалайды. | |
Қорытынды бағамдау. Қандай екі нәрсе табысты болды? 1 Оқушылар сандар, шамалар мен санды өрнектер арасындағы қатынастарды таңбалар арқылы көрсете алады. 2 Жұппен, топпен жұмыс жасау барысында өз қабілетімен білімдерін көрсете білді. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? 1 Жоспарланған тапсырмалар толық деңгейде орындалды. 2 Уақытты ұтымды пайдаландым. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін білдім?1 Түсінігін жетілдіру мақсатында кейбір оқушыларға қосымша тапсырмалар берілу керек. |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.