Қуандық Рахым: Бекболат Тілеухан ағам сияқты көп әйел алғым келеді

Жас әнші Қуандық Рахым болашақта көп әйел алғысы келеді екен. Әнші бұл туралы «Сырласу» бағдарламасына берген сұхбатында айтқан.
«Мен Бекболат ағама қатты еліктедім. Тіпті, бір концерттерде өнердегі аға, әпкелеріміз « Сен таза Бекболатты көшіріп алыпсың ғой, өзіңді тап, өзің сөйле» деді. Содан кейін ғана шынымен біреудің көшірмесі болуды қою керек деп, өзімнің сөйлеу мәнерімді таптым»-деген Қуандық Рахым Бекболат ағасының өнеріне ғана емес, өміріне де еліктейді екен. Әнші болашақта ағасының жолымен бірнеше әйел алуға ниетті.
«Егер жағдайың жетіп, мүмкіндігің болса, неге алмасқа? Мысалы Бекболат Тілеухан ағамыз қазір 14 балам бар деді. 14 балам болса, менен асқан бақытты әке болмайтын шығар. Сол кісі сияқты 40-50 жасқа келгенде жастарға үлгі болып жүргім келеді. Сол кісідей құрметті, жастар үлгі алатындай азамат болғым келеді» – дейді әнші.
Сондай-ақ болашақ жарының бойынан көргісі келетін қасиеттерді де атап өткен.
«Сырт келбет маңызды емес деп айта алмаймын. Себебі ол өмір бойы жаныңда жүретін адам. Шай ішсең де, далаға шықсаң да, бір жаққа барсаң да, сүйсініп қарап отырғың келеді, көрген сайын ғашық болғың келеді. Бірақ ең басты ол емес. Маңыздысы мінезі» – дейді әнші.

Дереккөз: http://reactor.inform.kz