Павлодарлық сазгер Назымбек Дүкенбай 500 ән жазған

0

Облыс   орталығындағы Б. Ахметов атындағы сол жылдардағы педагогикалық училищесінде 30 жылдай ұстаз болса, «Студенттік халық аспаптар оркестріне жетекшілік етті.

Мектептің бастауыш сыныптарына арналған авторлық балама бағдарламасын жасады, осының негізінде оқу әдістемелік құралдар жазды.

Сонымен бірге «Балаларға арналған әндер», «Балаларға базарлық», «Балдәурен» атты ән жинақтары мен музыкалық-поэзиялық кітаптары жарыққа шықты.

«Балабақша балалары және бастауыш сынып оқушыларына арналған әндер», CD диск, «Қазақ халқының әншілік дәстүрі: сөздік, аударма және түсініктер» атты жинақтары да бар.

Облыстық «Сарыарқа самалы» газетінде «Кел, халайық, домбыра үйренейік!» атты сабақтар да өткізді.

Ақын атамыз Мұзаффар Әлімбаев, С.Баязитов, Қ.Смағұл, М.Әміржановтардың  өлеңдерін таңдап, балаларға арналған 200-ден астам ән жазды.

-Мектептің бастауыш сыныптарының оқушыларына, балабақша балаларына  музыка пәнін оқыту арқылы отанды сүюге, туған жерге, елге, жерге, тілге деген патриоттық сезімді оята аламыз. Сол үшін де балаларға арналған әндер керек. Қазір әндер жинағын кітапшасымен CD дискісін пайдаланып,  ән үйреткен өте тиімді болар еді, дейді сазгер Назымбек аға.

Назымбек Дүкенбай Астанадағы «Шабыт» университетінде қызмет ететін қызым Гүлжанатпен бірлесіп  «Музыка психологиясы», «Музыкалық білім беру теориясы» және «Педагог-музыканттың әдіснамалық мәдениеті» деген  кітаптар жазып шығарды.

— Кітапқа жазылған әннің нотасын, сөзін келтіремін. Әрбір кітап CD-дискілермен қоса беріледі. Жергілікті суретшілердің туындыларын кітапқа беріледі, дейді сазгер.

Сондай-ақ, университет ғалымы Серік Елікбаймен бірлесіп «Қазақ хандығы тарихына» арналған музыкалық-поэзиялық топтама жазылды.

Бұл күндері  жергілікті сазгер  Мәдениет қайраткері Назымбек Дүкенбай  ағамыз 70 жасқа толды.

Бүкіл  ғұмырын  ән әлеміне, балаларға жігерлі әуенді ән сыйлап, өнер айдыны-музыкаға арнады десе де болады.        

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Суретті түсірген  Дархан Оразбеков

Дереккөз: http://egemen.kz/