Қуандық Рахым Гаухар Сардарбек екеуіне қатысты тараған қауесетке жауап берді

0

Қуандық Рахым алдағы уақытта тек қана басы бос қыздармен дуэт құрғысы келеді. Әншінің айтуына қарағанда, сахнада жұбы отбасылы болса, халық дуэттің шынайылығына сене қоймайды.

 

Бұл туралы Қуандық Әйгерім Сейфолланың “Сырласу” бағдарламасында айтты

Қуандық бір кездері Гаухар Сардарбек, Альбина Шардарова есімді жас қыздармен дуэт орындап шықты. Ел арасында Қуандық пен Гаухардың арасында махаббат ұшқыны болды деген сыбыс тарады. Тіпті, Гаухар Қуандықты қызғанып, оның жүріс-тұрысы қиындап кетіпті десті жұрт. Ел арасында тараған қауесеттің ақ-қарасын Қуандықтың өзі ажыратып берді.

“Гаухар қыздарыңыз өз еркімен кеткен адам. Өйткені оқуындағы ұстаздары, ата-анасы басқа қалаларға ұшуына, гастрөлге шығуына, тіпті Өзбекстан еліне барып бейнебаян түсіруге қарсы болды. Сол кезде аяқ астынан адам таппай, не істерімізді білмей қалдық. Оның алдында Instagram-нан Альбина қарындасымызды көріп жүретінбіз. Видео салып, халықтың ықыласына бөленіп жүрген қыздардың бірі ғой. Оған ұсыныс тастадық, бірден келісті. Бірақ қыз баламен қиындау деп өзіңіз де айтып кеттіңіз. Сезімге берілгіш болады, тез ғашық болады. Сөйтіп шығармашылықтан қол үзетінін айтты. Өйткені тұрмысқа шығуым керек, деді. Ол кезде Бауыржан Сатов та, Альбина да бізбен бірге жұмыс істейтін. Жұмыс барысында бір-біріне ғашық болып қалған шығар”, – деген Қуандық Гаухар екеуінің арасында тек қана шығармашылық байланыс болғанын айтты.

Әнші алдағы уақытта тек қана басы бос қыздармен дуэт құрғысы келетінін жасырмады. Себебі:

“Неғұрлым тұрмысқа шықпаған қыздармен дуэт айтқым келеді. Өйткені айтқан әніңе халық бәрібір сенбейді. Ол кісінің тұрмысқа шыққанын біліп тұрса, бәрібір сенімсіздеу шығады. Шама келсе, жаңа есім шығарғымыз келеді. Халықтың арасынан бақылап жүріп, Гаухар сияқты, Альбина сияқты жаңа есім шығарғымыз келеді. Біреудің кішкене болсын жақсы боп кетуіне, халыққа сүйікті болып кетуіне кішкентай болсын пайдамызды тигізгіміз келеді”, – дейді әнші.

Күні кеше Қуандық 26 жасына дейін ішімдік ішіп, темекі шегіп көрмегенін айтты.

 

Источник: Stan.kz