Астанада жылы аялдаманың есігін сындырған жігіт 5 жылға сотталуы мүмкін
Астанада жылы аялдаманың есігін сындырған жігіт 5 жылға сотталуы мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.
Полиция жылы аялдаманың әйнек есігін қиратқан бұзақыны іздестіруде.
Шығын көлемі 100 мың теңгеден асып жығылады.
Бұзақы ұсталса 200 тәулік қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 5 жылға дейін темір торға қамалуы мүмкін.
Жылы аялдамалар елордаға бір ай бұрын орнатыла бастаған.
Еске сала кетсек, Астаналық жігіт көп ақшаға салынған аялдаманы қиратқан болатын.