Қазақша тақпақ: 7 Мамыр — Отан қорғаушы күні (Отан)
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің – тірегім,
Құшағында гүл атам.
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан!
Отан — досың, бауырың.
Отан — өлкең, астанаң,
Отан — аудан, ауылың.
Жасаған елің, ер халқың.
Отан — өлең, Отан — жыр,
Көтерген көкке ел даңқын…
Отан осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап, сүйе біл.
№4 облыстық мектеп-интернатының
3″б» сынып оқушысы: Ғизат Қарақат
Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі
Шоханова Арайгүл Лайқатқызы
Кең жазық Отан мекенім,
Сен де өсіп көктедім
Сені қорғау парызым,
Мұны біліп өтемін.
«Құлыншақ» балабақшасы «Жұлдыздар» тобының
Тәрбиеленушісі: Сағындық Досан Болатұлы
Жетекшісі: Шыңғысбай Балжан Сағатбекқызы
Отаным менің Қазақстан
Мәңгілік сенімен мақтанам
Саяңда жүрсем әрдайым
Күлімдеп жүрем бақ табам.
Отаным менің Қазақстан
Қарызбын саған әрқашан
Азаматтық борышты
Өтеуге мәңгі талпынам.
Отаным менің Қазақстан
Атыңнан сенің айналам
Бас иіп саған өтемін
Жасай бер жаса Қазақстан.
Отан — қуат, нәр береді.
Отан — ұран, Отан туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Отан үшін жанымызды береміз,
Отан үшін барлығына көнеміз.
Отанның да,ананың да алдында,
Осы өмірде парызды өтеп кетеміз.
Ертең жігіт боламыз.
Отан — ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
Мейрамдарың құтты болсын жігіттер.
Болмасыншы көңілдеріңде күдіктер.
Мейрамдарыңмен аға,іні бауырлар.
Орындалсын алға қойған үміттер.
Қазақ жігіті керемет қой расында.
Жауапкершілік бар олардың басында.
Өзге ұлттардың жігіттері түк емес.
Кереметтей қазақ жігітінің қасында
Күтіп тұр ғой бізді алда сан арман.
Қазақ жігіті бақытқа тек жаралған.
Қазақ жігіт қытайдай көп жан емес.
Асыл олар, аз боп қана таралған.