Мутациялық өзгергіштік.
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Мутациялық өзгергіштік.
Бағыты: Биология Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мутациялық өзгергіштік.
Мақсаты:
Білімділік: мутация, оның түрлері, тудыратын факторлары, салдарын зерттеу6 жобалау
арқылы меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың коммуникативтік , экологиялық біліктілігін, берілген
тақырып бойынша
көзқарастарына сәйкес келетін пікірлерді, деректерді іріктеп, негізгі
түйінді мәселелерді таңдауды, оқушыларда жүйелі сөйлеу, өз ойын ретті,
түсінікті жеткізе білудағдысын қалыптастыру..
Тәрбиелік: оқушыларды мамандыққа бейімдеу, баулу, бірін- бірі тыңдау,
адамгершілік, табиғатты сүю, өзін- өзі тану қасиеттерін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Жаңа білімді меңгеру.
Типі:
Әдісі: Зерттеу және жобалау.
Пәнаралық байланыс: химия, экология, валеология, әдебиет
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, қосымша әдебиет.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар! Бүгінгі ашық сабақты мен мынадай тамаша өлеңмен бастағым келіп тұр:
Биологияны оқып бірде мен
Жиіледі тынысым.
Жоғалғанда бірденем
Кетті мүлде тынышым.
Биология деген не?
Жұрттың емдер кеселін.
Оны жақсы көрем бе,
Қандай болып өсемін?
Табиғатты білемін-
Ауа, су, жер, күн, аспан.
Жан- жануар, гүл, егін
Көкжиекке ұштасқан..
Табиғат қой адамға
Орын берген төрінен
Биология ғой анам да,
Жек көрем бе оны мен?
Жаңа білімді меңгеруге дайындық:
Өзгеріссөзінің синонимі — Мутация
Ол тұқымқуалаушылық және модификациялық болып бөлінеді. — Өзгергіштік
Жаңа білімді меңгеру.
Мұғалімнің сөзі:
Балалар, мутация дегеніміз- ағза генотипінің, яғни гендердің өзгенруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын, тұқым қуалайтын өзгергіштік. Бұл ұғымды ең алғаш голландиялық ботаник Де Фриз қалыптастырды. Ол есекшөп өсімдігінің кейбір белгілерінің қалыпты жағдайдан ауытқитының және олардың тұқым қуалайтындығын байқаған. Осы зерттеулерінің негізінде 1901 жылы өзінің Мутациялық теория деп аталатын еңбегі жаприяланды.Мутация- барлық тірі ағзаларға тән қасиет. Ол пайдалы да, зиянды да болуы мүмкін.бірақ, көбіненсе, жануарлар мен адамдар үшін зиянды болып келеді. Бүгінгі сабақта мутация, оның түрлері. Пайда болу себептері туралы білетін боламыз.
Сынып үш топқа бөлінген. Тақырыпты толық меңгеру үшін бізде үш орталық бар.
Бірінші топ- ғалымдар
Екіншісі- экологтар
Үшінші- журналисттер
Енді осы топтар өздерінің қызметіне байланысты сабақтың мақсаттарың анықтау қажет.
Әр топтан бір оқушы алдын- ала тобының атағына байланысты презентация дайындайды. (3 минуттан)
Жобаларды қорғау. (3 минуттан)
Білімді жалпылау кезеңі: Фронталды сұрау.
Мутация дегеніміз не?
Мутация терминің ғылымға енгізген кім?
Мутацияның қандай түрлерін білесіздер?
Мутацияның пайда болу себептері.
Гендік мутация дегеніміз не?
Хромосомалық мутация дегеніміз не?
Бекіту кезеңі:
Әр топқа 6 тесттік сұрақтан беріледі. Орындап болған соң топ басшысы сұрақтарды жинап басқа топқа береді және басқа топтың тесттерін алып орындайды.
Мутацияның пайда болу себебі:
А)хромосома санының өзгеруі
В)Жасуша құрамының өзгеру
С) ядроның пішінің өзгеруі
Д) жасушаның мейоз жолымен бөлінуі.
Хромосомалар саны гаплоидті жиынтыққа артуы:
А) Анеуплоидия
В) Полиплоидия
С) гетероплоидия
Д) гомоплоидия
Даун ауруы хромосомалардың мына өзгеру түрінен пайда болады:
А) Анеуплоидия
В) Полиплоидия
С) героплоидия
Д) гомоплоидия
4. Нуклетидтердің орналасу реті бұзылады:
А) . гендік мутация
В) хромосомалық мутация
С) цитоплазмалық мутация
Д) нуклеотидтік мутация
5. Ультракүлгін қай мутагендік факторға жатады:
А) химиялық
В) физикалық
С) биологиялық
6. Дұрыс анықтаманы табыңыз:
А) барлық мутациялар ұрпақтан ұрпаққа беріледі.
В) барлық мутациялар фенотиптік көрініс береді.
С) гетероплоидия ағзаның өліміне әкеледі.
Д) модифмкациялық өзгергіштік тек сыртқы ортаға тәуелді.
7. Төмендегі өзгерістердің қайсысы тұқым қуалайды:
А) . Даун ауруы
В) жақсы күтім кезінде тауықтардың жұмыртқалағыштығының жоғарылауы.
С) дрозофилада қызыл көздің пайда болуы.
Д) жазықты жерден өсімдікті таулы аймаққа отырғызу кезінде бойының өзгеруі.
Жауаптары: 1- 1: 2-2: 3-3: 4-1: 5-2: 6-3: 7-1
Бағалау: әрбір этап сайын оқушылар бағалау парақтарына бағаларын қояды.
Шығармашылық жұмыс: Мен өз болашағымды зиянды мутациясыз көремін
Үйге тапсырма: 3 деңгейлі үй тапсырмасын құру.
Қорытындылау:Мұғалім топтардың жұмысын қорытындылайды.
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.