Бөлім: 6.1В Адам. Жер. ҒаламСынып: 6Күні: |
Мектеп: №264 мектеп — лицейМұғалім: Сақабаева АҚатысқан оқушылардың саны: Қатыспаған оқушылардың саны: |
Тақырыбы: Жер туралы жалпы мағлұматтар |
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты |
6.2.2.1 Жер бетіндегі бақыланатын үдерістер мен құбылыстарды түсіндіру;6.2.2.2 Жердің қасиеттерін түсіндіру |
Сабақтың мақсаты |
Оқушылар:жер бетіндегі үдерістермен мен құбылыстарды анықтап, жердің қасиеттерін түсіндіре алады |
Бағалау критерийлері: |
Оқушылар: Күн мен түннің және маусымдардың алмасу себептерін біледі. Жердегі құбылыстар мен үдерістерді бейнелей алады Жердің ішкі құрылысын сипаттап, талдайды |
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар жер бетіндегі бақыланатын үдерістер мен құбылыстарды анықтап, ауызша түсіндіре алады. Әртүрлі географиялық деректерді талдап,сипаттап жаза алады(оқылым, айтылым, тыңдалым және жазылым дағдылары)Пәндік лексика және терминологияҚысқытоқырауКөктемгі теңесуКүн орбитасыКүн жүйесіҚұс жолыАйтылымға қажетті сөз тіркестері:Жер қабығының ішкі жағы…………………………..Жер — Күн жүйесіндегі……………………………….. Жердің өз білігінен айналуы……………………….. |
Құндылықтарды дарыту |
Құндылықтар:Оқушылар бойындағы адамгершілік, қоршаған ортаға деген жауапкершілік, өмір бойы білім алу құндылықтарын дамыту. |
Пәнаралық байланыс |
Физика, астрономия – бейнероликті көрген кезде, маусымдардың ауысу себебін талдаған кезде. |
Бастапқы білім |
Оқушылардың 5 сыныптағы жаратылыстану пәні бойынша алған білімдері. 5.2.2.1 Жер ғаламшарының пайда болуын түсіндіру оқу мақсаты |
Сабақ барысы |
Сабақтың қезеңдері |
Сабақта орындалатын іс — әрекеттер |
Оқыту ресурстары |
Басы 0-3 мин3-10 мин |
Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды атмосфера қалыптастыру. Оқушылар ортаға шығып, сағат тілі бағыты бойынша бір-бірлеріне тілек айтады. 2. Ой қозғау: Ой қозғау. Тақтадан не көріп тұрсыздар? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? Оқушылар жеке ойланады, бірнеше оқушы жауап береді. 3. Мақсатты тұжырымдау. Сабақтың тақырыбы анықталады. Оқу мақсаттары (ОМ) мен бағалау критерийлері жарияланады. Сұрақтар бойынша білімді актуализациялау. (Д) «Біз не білеміз?» айдары арқылы оқушылардың білімдерін еске түсіру 1) Жердің пішінін неге шар тәрізді деп атайды? 2)Жер Күнді қанша уақытта толық айналып шығады? 3) Ерте кезеңдерде жердің пішіні туралы қандай көзқарастар болды? 4)Жердің табиғи серігі туралы не білеміз? 5) Жердің ішкі бөлігі қандай? 6) Жердің ішкі бөлігін біз қалайша зерттедік?
|
|
Ортасы10-20 мин20-23 мин23-37 мин |
4. Мұғалімнің түсіндірмесі. Мәтінмен жұмыс. (жұптық) Оқушыларға мәтін таратылып беріледі. 3 минут ішінде жұптағы 1-оқушы тек сұрақ қоям деп оқиды, яғни сұрақтар құрастырып, белгілеп, ал 2-оқушы тек жауап берем деп оқиды. Уақыт болған соң, сұрақ қойып, оған екіншісі жауап береді. Сұрақ аяқталған соң, керісінше орын ауысады. (Дифференциацияны осы тапсырмада оқушылардың ашық-жабық сұрақтарды құрастыру мазмұнына, орындау шеберлігіне, жауап беруіне, ақпаратты іріктей алуына т.с.с көруге болады) Кері байланыс. Мұғалім сырттай бақылап, әр жұптың жауаптарын тыңдап, соңында оқушылармен бірге қорытынды шығарады. Жер туралы ақпараттармен таныстырады.Дене шынықтыру минутасы. Оқушылар 2 топқа бөлінеді:1-топ: Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың айналуын көрсетеді. 2-топ: Жерді Күннің және өз өсінің айналуын көрсетеді. 5. Білімді бекіту Оқушылар топта келесі тапсырмаларды орындайды: Тапсырма — 1. Суреттегі бос орынды толтыр. Тапсырма — 2. Суретте көрсетілген құбылыстарды және күндерін жаз. Тапсырма – 3. Жердің ішкі құрылысының қабаттарын жаз. Жердің ішкі құрылысының әлі күнге дейін толық зерттелмеу себебі:Бағалау: Оқушылар жұпта жұмыстарын ауыстырады. Бір-бірін тексереді, дескрипторлар бойынша бағалайды. Қажеттілік туған жағдайда оқушылардың жауаптарын толықтырады, жұмыстарына комментарий, ұсыныс жасайды, кері байланыс береді. Жеке жұмыс: Жердің өз өсі мен орбитаға орналасу бұрышын анықтап, салдарын талдайды. Бағалау:* мұғалімнің бақылауы мен комментарийлері; * дескрипторлар бойынша өзара бағалау; *мұғалімнің кері байланысы; Мұғалім кері байланыс береді, қажеттілік туындаған кезде оқушылардың жауаптарын толықтырады. |
Қосымша 1 Презентация 6 — слайдПрезентация 7 — 9слайдтарПрезентация 10 — слайд
Презентация 11-13слайдтарҚосымша 2Қосымша 3Қосымша 4Бағалау жұмысыауызша/жазбашаПрезентация14 — слайдҚосымша 5
|
Соңы 37-40 мин |
Кері байланыс: «Плюс, Минус, Қызықты» әдісі.Оқушылар сабақ барысында алған білімдерін, қолынан келмей жатқан тұстары мен қызықты болған ақпараттарын жазады.Қорытындылау. Үй тапсырмасы: «Жер-ерекше ғаламшар» атты хабарлама дайындау |
15-слайдКері байланыс парағыҚосымша 6 |
Қосымша ақпарат |
Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? |
Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз? |
Қауіпсіздік ережелері |
Сіз оқушыға қолдау көрсету үшін дұрыс жауап немесе негізгі ойды білдіретін тірек сөздер бере аласыздар.Тақтаға да тірек сөздер мен сабақта өтілетін терминдер жазып қойсаңыз, көмек қажет оқушыға жеңіл болады. |
Алдын-ала дайындалған немесе оқушылармен бірге құрастырылған бағалау критерийлері арқылы топтық немесе жұптық бағалау жасауға болады. |
Топтық және жұптық тапсырмаларды орындау барысында қауіпсіздік техникасын сақтау |