Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Ислам діні тірегің

0
(Толғау)

Алланың ақ жолынан адастырып,

Адамзат санасына салған бүлік.

Жаһанға Кеңес атты келген заман

Діңдарлардың ауызына салып құлып

Ислам діні діңгегін алмақ жұлып.

Болғанда діндарлар аз қырылды ма ?

Күңіренді ел,

Күйзелді ел, еңіреді,

Әділетсіздік жегі құрттай кеміреді.

Айырылған дін пірадарлар абыздардан

Еңсесі езілмейтін темір ме еді?

Әйтсе де шыдап берді сабыр сақтап,

Ал Кеңес діндарларды жатты даттап.

Абайсыз атын айтқан айыпталып,

О дүние босағасынан жатты аттап.

Әйтсе де дінге сенім берік еді,

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деуменен

Жер ана қойынына еніп еді.

Сақтағандар Алланы жүрегінде

Дін қайта оралар деп сеніп еді.

Ақылға қашандағы сенім серік

Жан екен дейтіндердің діні берік,

Сауатсыз болуы да ғажап емес,

Әйтсе де бас тартпады діннен жеріп.

Негізін сол сенімнің қалап Алла,

Дамытқан ұстаз десек дауың бар ма?

Сол ұстаз кімдер еді қиын сәтте

Дін үшін қарсы шыққан қалың жауға?!

Алашқа Исламды таныстырған,

Ғасырларда бізден шалғай алыс тұрған.

Йассауи, онан бермен Бекет өткен,

Әулие қалың қазақ тәуап қылған.

Бұлардың Ислам үшін орны ерек,

Исабек Ишан Ертіс өңірін нұрға бөлеп,

Өңірге ислам дінін таратушы

Ишанды қуаттады ел тәңір жебеп.

Мәшһүрді қалай айтпай тұра аламыз,

Атанған бала Мәшһүр, асқан зерек.

Сол Мәшһүр ортамыздан шыққан жарып,

Жатырмыз әулиені жаңа танып.

Есімін Ақбалықтың естігенде,

Біраз ел қалғаны анық қанаттанып.

Ұмыттық есімдерін ұмыттырған,

Кеңес ед Исламды шалған құрбан.

Алланы ұмыттыра алмады ол,

Талайын тайталаста Құдай ұрған.

Еңбегі ұстаздардың тек кетпепті,

Дінсіздер жұлынса да жұлып көкті.

Қалың жұрт қалған тіптен діндарларсыз,

Білдірмей бір әрекет бастап кетті.

Жатарда «Бісміллә» де- шошымайсың,

Далада «бісміллә» деп отырғайсың.

Тұрғанда Алла өзің оңғар жолды,

Өткенде бейіт қасынан қолың жайып,

«Аллаһуакбар» тие берсін десең болды.

Ұрпақтың құлағына құйып күнде,

Құдай жоқ деген сөзді ұмыттырды.

Үлкендер қиырдағы ауылдарда

Ашатын ауыздарын бір Алла деп,

Намазын оқып бір сәт дамылдарда

Алланың шүкір дер ед бергеніне,

Дін аман оразаны көргеніне.

Дінсіздер бұл амалдан бейхабар ед,

Алла деп тілі шыққан жөргегінде.

Сіңірді ата салтты санасына,

Алаштан ата салты қалған мұра.

Кішірей кішірейгенге құлың емес,

Менменге күнің үшін құлдық ұрма.

Біреуді біреумен атыстырып,

Өсек айтып ел жұртты шатыстырып,

«Әй, кәпір» атанудан сақтан, балам.

Кеудеңді көкке мәңгі көтермегін,

Сәт түсіп шыңға шықсаң күнің туып.

Ешқашан кісі ақысын жемегейсің,

Жөн сөзге

Менікі жөн демегейсің.

Ұрлық түбі, қарағым, қорлық деген,

Әлсізді күшің жетсе демегейсің.

Сауап бар, обал барын есте ұстағын,

Ол сауап қолың созсаң жанға жарым.

Ол обал тартып алсаң қолда барын,

Осылай тәлім алған ұландардың

Тайғаны дұрыс жолдан жалғыз жарым.

Зорлық пен зомбылыққа жол берілген,

Заманда кетік тісті кемпірлерді

О, тәуба-ай, шынымды айтсам, сағынамын.

Қатыгез ұрпақтарды жөнге салар

Ағайын айтшы болса бір амалын.

Ұрпағың ары таза, жаны таза,

Ешқашан ел бүлдіріп баспас жаза.

Түрмеде өмір өтіп тартса жаза,

Жарық күні жаныңның жұбанышы.

Не пайда мына өмірде барлығыңа

Ұрпағың бала жастан арды мұра.

Десеңіз

Тізгінін тәрбиенің қолыңда ұста,

Келмекші сонда орнына барлығы да.

Ата дін, ата салтын ардақтаған,

Өсірген ата- анасын зарлатпаған.

Ислам дінін серік қып өскендердің

Астына тар қапаста нар батпаған.

Cүлеймен Баязитов