атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0

Бұл Григориан күнтізбесіндегі 4-ші күн. Жыл соңына дейін 361 күн қалды

4 қаңтарда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

4 қантарда қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін әлем Ньютон күнін атап өтіп жатыр. Ғалымдар, зерттеушілер мен ғылыми тәжірибелерді ұнататындар бұл күні Лондондағы Ньютонның қабіріне барады. Исаак Ньютон мырза — ұлы ағылшын ғалымы, данышпан және уникум. Ол 1643 жылы 4 қаңтарда фермерлер отбасында дүниеге келді. Анасы оны мерзімінен ерте босанғандығына қарамастан, ол табандылық танытып, өзінің әлдеқайда мықты адам екенін дәлелдеді. Ньютон физика, математика, механика, астрономия және алхимиямен айналысқан. Өмірінің соңын тарих пен теологияға арнады. Ол 83 жас өмір сүрді. Өзінен кейін көптеген жаңалық қалдырды. Олардың ішінде ең құндысы — тартылыс заңы. Британиялық институт 2008 жылдан бері физика саласынде зерттеулер жүргізіп жүрген үздік жас ғалымдарға Исаак Ньютон атындағы медаль табыстап келеді.

Сондай-ақ, бүгін АҚШ-та ұлттық спагетти күні. Спагетти негізінен италиялық тағам болып саналса да, Америка халқы да оны жегенді ұнатады. ХХІ ғасырдың басында АҚШ-та спагетти сатылымы 1,3 миллион фунттан асты. Осы кездегі барлық спагеттидің ұзындығы экваторды тоғыз рет айналып шығуға жететін еді. Күнделікті асүйде жейтін спагеттидің диаметрі 2 миллиметрден, ал ұзындығы 15-25 сантиметрден аспайды. Олардың жіңішке түрі спагеттини, ал жуан түрі спагеттони деп аталады.

4 қаңтарда әлемде болған тарихи оқиғалар

1908 жылы Петербург қаласында орыс балеринасы Анна Павлова алғаш рет «Өлген аққу» миниатюрасын орындады;

1954 жылы Элвис Пресли өзінің алғашқы өлеңдерін жазды;

1985 жылы Лондон клиникасында әлемдегі алғашқы суррогат ана Коттон ханшайым дүниеге келді;

2004 жылы «Spirit» Марсқа барып қонды.

4 қаңтарда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1995 жылы Арыс станциясынан Шу станциясы арқылы өтетiн темiр жолдың 582-шi километрлiк электрлендiрiлген трансазиялық бөлiмшесiнің салтанатты ашылу рәсімі өтті;

2013 жылы Павлодар қаласында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосқан облыс тұрғындарына арналған «Еңбек даңқы аллеясы» ашылды.

4 қаңтарда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1642 жылы классикалық физиканың негізін қалаушылардың бірі, математик, механик, астроном Исаак Ньютон дүниеге келді;

1934 жылы суретші, дизайнер, мүсінші, педагог, профессор Зураб Церетели туды. Ол 1997 жылдан бері Ресей суретшілер академиясының президенті;

1950 жылы кино мен театр актрисасы, театр режиссері, театрдың еңбек сіңірген қайраткері Инара Гулиева өмірге келді;

1963 жылы ән мәтіндерінің авторы әрі вокалист, Rammstein неміс группасының фронтмені Тилль Линдеманн туды.

4 қаңтарда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1938 жылы актриса, Қазақстанның халық әртісі Әсия Абылаева өмірге келді;

1949 жылы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі Байымбек Қожабаев туды.

Ай күнтізбесі

Ай Мерген белгісіне келіп тоқтайды. Шығармашылыққа бет бұрып, табиғатпен сырласу үшін таптырмас күн. Бүгін жоспардың барлығын шетке ысырыңыз. Тағдыр сізге тамаша тосынсыйлар әзірлеген болуы мүмкін. Сұрақ қоюда батыл болыңыз және осы жолы барлық сұрағыңызға шынайы жауап аласыз.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/