Ашық сабақ №20 Алмалы орта мектебі.

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Ашық сабақ №20 Алмалы орта мектебі.

Бағыты: Информатика Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 11 сынып

Электрондық желілерде тасу барысында ақпаратты сақтау тәсілдері мен қағидалары.

№20 Алмалы орта мектебіҚордай ауданы

Ашық сабақ.

Тақырыбы: Электрондық желілерде тасу барысында ақпаратты сақтау тәсілдері мен қағидалары.

Информатика пән мұғалімі:Қасымбекова Гульнар Мұратқызы

Қарасай батыр ауылы.

Мерзімі:________________ Пәні: информатика Сыныбы: 11 /жаратылыстану-математика бағыты/Тақырыбы: Электрондық желілерде тасу барысында ақпаратты сақтау тәсілдері мен қағидалары.Мақсаты: Электрондық желілерде тасу барысында ақпаратты сақтау тәсілдері мен қағидаларын меңгеру. Міндеттері:-жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып ақпаратты сақтау тәсілдері мен қағидалары туралы түсінікті жетілдіру;-сыни тұрғыдан ойлау арқылы ақпаратты өңдеу, қорғау, қорғалатын ақпарат, сандық ақпарат туралы түсініктерін дамыту;-топта белсенді жұмыс істей алуға дағдылану. Сабақтың типі: жаңа материалды түсіндіру сабағы.Өткізу түрі: араласБағдарламалар: Microsoft Windows XP, «Ақпараттандыру туралы» ҚР заңы, сайт: http://adilet.zan.kz/kz Қолданылған модульдері: Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытуды басқару және көшбасшылық.Стратегиялар: «Миға шабуыл», сергіту сәті, «Бір минут», рефлексия «Синквейн».Сабақ жоспарыСабақ кезеңдеріУақыты Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар І.Кіріспе2 мин. Ұйымдастыру кезеңіСәлемдесу.Мақсаты: жақсы, көтеріңкі көңіл-күйге енгізу, өзіне, өзгелерге сенім арту. Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу; Назарын сабаққа аударту Мұғаліммен амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді. Сабақта жоқ оқушылардың себептерін айтады; Жарайсыңдар, жақсы.Компьютер, интерактивті тақта,1 мин сыныпты 2 топқа бөлу. Мақсаты: Сыныпты топта бірлесе жұмыс істеуге, бір-бірімен пікір алмасуға, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру Балалар бүгінгі күнгесендерге сәттілік тілеймін. Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу.Оқушылар 2 топқа бөлінеді.Бағалау парағы10 мин. Үй тапсырмасын тексеру «Миға шабуыл» информатикалық диктант, домино.Мақсаты: Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін тексеру, тиянақтау 1. Желілік этикет дегеніміз не?2. Этикеттің негізгі мақсаты неде? 3. Этикеттің бұзылуы дегенді қалай түсінесіз?4. «Ақпараттандыру туралы» ҚР заңы нені реттейді?5. Ақпараттандыру объектілері мен субъектілерін атаңыз (1-тарау. 3-бап)6. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеу қандай мақсаттар мен принциптерге негізделген? (2-тарау. 4-бап) Қойылған сұраққа жауап береді Өте жақсы, тамаша!Жарайсыңдар Бағалау парағыЖұлдызшаларІІ.Тұсаукесер2 мин. Қызығушылықты ояту«Ой қозғау» стратегиясыМақсаты:зейінін арттыру. Сандық ақпарат дегенді қалай түсінесіңдер? Жауаптарын тыңдау Өте жақсы Негізгі бөлім12 мин2 мин10 минМағынаны тани білуСергіту сәтіМақсаты: достық қарым-қатынастарын дамыту мен бойларын сергіту «Бір минут»Мақсаты: сабақта алған білімдерін тиянақтау, бекіту /Дәптерге бүгінгі күн мен жаңа тақырыпты жазғызу/ Қазіргі кезде ақпараттың басым бөлігі сандық түрде ақпарат тасымалдаушыларда сақталады. Бұл ақпаратты қорғауды жеңілдетудің орнына, қиындата түседі. Бұл мәселе ғаламдық сипатқа ие болғандықтан мемлекет тарапынан ақпаратты қорғау туралы арнайы заңнамалар қабылданып, жаңа қызметтер құрылады. Сандық ақпарат үшін қауіп түрлерін қарастырайық.Сонымен сандық ақпарат дегеніміз не?http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000217_ «Ақпараттандыру туралы» Заңы файлымен ДК-де жұмыс. Оқушыларға бұл ойынның ережесін түсіндіру:Ортада орналасқан Ыстық орындыққа топтан бір оқушы шығып, бір минут ішінде жаңа тақырыптың түйінді сөздері, ақпаратымен бөлісуі қажет. Басқа оқушылар оны мұқият тыңдайды. Егер оқушының сенімсіздігі, қайталауы, тақырыптан ауытқуы байқалса ойыннан шығарады. Ыстық орындықта отырған оқушыны тоқтатқан оқушы ортаға өзі шығады. Ыстық орындықта бір минут ақпаратпен дұрыс бөліскен оқушы ұпайға иеленеді. Қосымша ресурстан жаңа тақырыптың маңызды, түйінді сөздері мен ақпаратын топпен талқылап, талдайды.Дәптерлеріне, маңызды, жаңа сөздерді жазып алады.Қозғалысқа түсу арқылы бойларын сергітеді. Жарайсыңдар, өте жақсы.Дидактикалық материалИнтерактивті тақтаБағалау парағыЖұлдызшаларҚорытынды.1. Ақпаратты құқықтық қорғау2. Ақпаратты техникалық қорғау 3. Ақпаратты бағдарламалық қорғау. КонспектҚосымша ресурс:Ақпаратты қорғауАқпаратты қорғау — ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау — ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.Ақпараттық қауіпсіздікАқпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйесі (АЖ) ретінде келесі объектер жиынтығын түсіну керек:1. есептеуіш техника құралдарын;2. программалық жасауды;3. байланыс арналарын;4. түрлі тасушылардағы ақпараттарды;5. қызметшілер мен жүйені пайдаланушыларды.АЖ-нің ақпараттық қауіпсіздігі жүйенің мына күйлерінде:1. жүйенің сыртқы және ішкі қауіп-қатерлердің тұрақсыздандыру әсеріне қарсы тұра алу қабілеті бар кезіндегісі;2. жүйенің жұмыс істеуі және жүйенің бар болуы сыртқы ортаға және оның өзінің элементтеріне қауіп келтірмеуі кезіндегісі қарастырылады.Тәжірибе жүзінде ақпараттық қауіпсіздік қорғалатын ақпараттың келесі негізгі қасиеттерінің жиынтығы ретінде қарастырылады:• конфиденциалдылық (құпияланғандық), яғни ақпаратқа тек заңды пайдаланушылар қатынай алатындығы;• тұтастық, біріншіден, тек заңды және сәйкесті өкілдігі бар пайдаланушылар ғана өзгерте алатын ақпараттың қорғалуын, ал екіншіден ақпараттың ішкі қайшылықсыздығын және (егер берілген қасиет қолданыла алатын болса) заттардың нақты жағдайын бейнелеуін қамтамасыз ететіндігі;• қатынау қолайлығы, қорғалатын ақпаратқа заңды пайдаланушыларға бөгетсіз қатынаудың кепілі болуы.Желілік қауіпсіздік сервистері есептеуіш жүйелерде және желілерде өңделетін ақпараттың қорғау механизмдерін береді.Инженерлік-техникалық әдістер өзінің мақсаты ретінде техникалық арналар арқылы ақпараттың жайылып кетуінен ақпараттың қорғалуын қамтасыз етуді қарастырады.Ақпаратты қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық әдістері нормалар үлгілерін жетілдіру үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі қызметтерді ұйымдастырады.Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық әдістері өз кезегінде екі негізгі мәселені шешеді. Біріншіден, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі процесстерді формализациялау.Осыдан екінші мәселе туындайды – ол, қорғалу деңгейін талдағанда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жүйелер қызметінің қисындылығы мен адекваттығының қатаң негізделуі.Ақпараттық қауіпсіздіктің қауіптері[өңдеу]Автоматтандырылған жүйенің ақпаратық қауіпсіздігіне қауіп дегеніміз – бұл АЖ өңдейтін ақпараттың конфиденциалдығы, тұтастығы мен қатынау қолайлығының бұзылуына әкеліп соғатын әсерлердің жүзеге асырылуы және де АЖ құраушыларының жоғалуына, жойылуы мен қызмет етуін тоқтатуына келтіретін мүмкіндігі. Қауіптердің жіктелуі:• Пайда болу табиғатына қарай табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи –бұл адамға байланыссыз АЖ-ге физикалық процесстер мен табиғи апаттардың әсер ету нәтижесінде пайда болған қауіп. Өз кезегінде жасанды қауіп адамның әрекетінен туындайды. Табиғи қауіптің мысалы ретінде өрт, тасқын, цунами, жер сілкінісі және т.б. айтса болады. Мұндай қауіптің жағымсыз жағы – оны болжаудың қиындығы және мүмкін еместігі.• Ниеттілік дәрежесіне сәйкес кездейсоқ және қасақана болып бөлінеді. Кездейсоқ қауіп қызметшілердің немқұрайдылығынан немесе әдейілеп жасалмаған қателіктерінен пайда болады. Қасақана қауіп әдетте бағытталып жасалған әрекет нәтижесінде пайда болады.Кездейсоқ қауіптің мысалы ретінде байқаусыз деректердің қате енгізілуін, абайсыз жабдықтың бүлдірілуін келтіруге болады. Ал қаскүнемнің физикалық қатынаудың белгіленген ережелерін бұзып қорғалатын аймаққа рұқсатсыз кіру қасақана қауіптің мысалы болып табылады.• Қауіп көзіне тәуелді келесідей бөледі:қауіп көзі – табиғи орта. Мысалы: өрт, тасқын және басқа да табиғи апаттар;қауіп көзі – адам. Мысалы, бәсекелес ұйымның АЖ қызметкерлері қатарына өз агенттерін енгізу;қауіп көзі – рұқсатты программалық-аппараттық құралдар. Мысалы, жүйелік утилиттерді пайдалануды жете білмеушілік;қауіп көзі – рұқсатсыз программалық-аппараттық құралдар. Мысалы, жүйеге кейлоггерлерді енгізу;• Қауіп көзінің орналасуына байланысты былай бөлінеді:қауіп көзінің бақылау аумағынан тыс орналасуынан пайда болатын қауіп.Мысалы, жанама электромагнит сәулеленулерін (ЖЭМС) немесе байланыс арналарымен беріліп жатқан деректерді ұстап алу; қашықтан фото және бейне түсіру; бағытталғанмикрофон көмегімен акустикалық ақпаратты ұстап қалу;қауіп көзінің бақылау аумағының шекарасында орналасуы. Мысалы,білдірмей тыңдау құрылғыларын қолдану немесе конфиденциялды ақпараты бар деректерді тасушыларын ұрлау.• АЖ-ге әсер ету дәрежесі бойынша пассивті және активті қауіптер деп бөледі.Пассивті қауіп іске асырылғанда АЖ құрамына және құрылымына ешқандай өзгеріс енбейді, ал активті қауіп, керісінше, АЖ құрылымын бұзады. Пассивті қауіптің мысалы ретінде деректер файлдарын рұқсатсыз көшіруді келтіруге болады.• АЖ ресурстарына қатынау тәсілі бойынша былай бөлінеді:стандартты қатынауды қолданатын қауіп. Мысалы, заңды иеге қатысты пара беру, шантаж, физикалық қауіп төндіру арқылы рұқсатсыз парольді алу;стандартты емес қатынауды қолданатын қауіп. Мысалы, қорғау құралдарының ресми мәлімделмеген мүмкіндіктерін пайдалану.• Қауіптердің негізгі жіктелуі:1. Ақпараттың конфиденциялдығын (құпияланғандығын) бұзатын қауіптердің орындалу нәтижесінде құпия ақпаратпен танысу үшін өкілдігі жоқ субъектіге ақпаратқа қатынау мүмкіндігі туады.2. Ақпараттың тұтастығын бұзатын қауіптерге, АЖ көмегімен өңделініп жатқан ақпаратты кез келген қаскүнемділікпен бұрмалау немесе құрту жатады.3. Ақпараттың қатынау қолайлығын бұзатын қауіптерге, АЖ ресурсына рұқсаты бар пайдаланушының қатынауы бұғатталғанда туындайтын жағдайлар жатады.Ақпараттандыру туралыҚазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 217 Заңы8-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР МЕН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ41-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғаудың мақсаттары1. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғау: 1) электрондық-ақпараттық ресурстардың тұтастығын және сақталуын қамтамасыз ету, оларды рұқсатсыз өзгертуге немесе жоюға жол бермеу; 2) қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстардың құпиялылығын сақтау; 3) электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын іске асыру; 4) электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу және оларды беру құралдарына рұқсатсыз ықпал етуге жол бермеу мақсатында құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларды қабылдауды білдіреді. 2. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғау: 1) электрондық ақпараттық ресурстарды құрсаулау, яғни ақпараттық жүйеге және ол ұсынатын электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті шектеуге немесе жабуға әкелетін іс-қимылдар жасау; 2) электрондық ақпараттық ресурстарды түрлендіру, яғни бағдарламаға, деректер қорына, материалдық жеткізушідегі мәтіндік ақпаратқа өзгерістер енгізу; 3) электрондық ақпараттық ресурсты көшіру, яғни ақпаратты басқа материалдық жеткізушіге ауыстыру; 4) құқық иесінің рұқсатынсыз бағдарламалық өнімдерді пайдалану;5) ақпараттық жүйелердің және (немесе) бағдарламалық өнімдердің жұмысын бұзу, не ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмыс істеуін бұзу жөнінде рұқсатсыз іс-қимылдарды болғызбауға бағытталған.42-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғауды ұйымдастыру1. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғауды:1) жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты — электрондық ақпараттық ресурстарды тарататын тұлға;2) қолжетімділігі заңмен шектелген электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты — осындай электрондық ақпараттық ресурстары бар меншік иесі, иеленуші немесе ақпараттандыру саласының операторы;3) қолжетімділігін олардың меншік иесі немесе иеленушісі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты — электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі немесе иеленушісі ұйымдастырады.2. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар: 1) электрондық ақпараттық ресурстарға рұқсатсыз қол жеткізуді болғызбауды;2) егер мұндай рұқсатсыз қол жеткізуді болғызбау мүмкін болмаса, электрондық ақпараттық ресурстарға рұқсатсыз қол жеткізу фактілерін уақтылы анықтауды;3) ақпаратқа қол жеткізу тәртібін бұзудың қолайсыз салдарын барынша азайтуды;4) электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу мен беру құралдарына ықпалды болғызбауды;5) рұқсатсыз қол жеткізу салдарынан өзгертілген не жойылған электрондық ақпараттық ресурстарды жедел қалпына келтіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін шараларды қабылдауға міндетті.Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді — ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.43-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғау шаралары1. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың құқықтық шараларына электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесінің немесе иеленушісінің ақпаратты пайдаланушылармен жасасқан шарттары жатады, оларда белгілі бір электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу шарттары және электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мен оларды пайдалану талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік белгіленеді. 2. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғаудың ұйымдастыру шараларына ақпаратқа (ақпаратты материалдық жеткізушілерге) қол жеткізу жүзеге асырылуы мүмкін аумаққа (үй-жайға) кірудің ерекше режимін қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізуді тұлғалар тобы мен ақпараттың сипаты бойынша шектеу жатады.3. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғаудың техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларына ақпараттық жүйелерді табиғи қорғау, ақпаратты қорғау құралдарын, оның ішінде криптографиялық құралдарды пайдалану, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізуді бақылау және қол жеткізу фактілерін тіркеу жүйелерін табиғи қорғау жөніндегі шаралар жатады. 4. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларын пайдалану азаматтардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтірмеуге немесе қауіп төндірмеуге тиіс.44-бап. Дербес сипаттағы электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау1. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды алған ақпараттық ресурстардың меншік иелері немесе иеленушілері оларды жария етуден қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті. Мұндай міндет дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды алған кезден бастап және олардың жойылуына не мәнінің жойылуына дейін немесе осы деректер қатысты болатын тұлғадан оларды жариялауға келісім алғанға дейін туындайды. 2. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды одан әрі беруге оларға қатысты тұлғаның келісімімен ғана немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де негіздер бойынша рұқсат етіледі.

Бекітемін:Күні:Пән аты: Информатика Класы: 11Мұғалімі: Г.Сабақтың тақырыбы: Электрондық желілерде тасу барысында ақпаратты сақтау тәсілдері мен қағидалары.Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға компьютерлік желінің түрлері:жергілікті желі, Интернет желісі туралы түсінік беру. Байланыс хаттамалары мен желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялармен таныстыру;Дамытушылық: Компьютерлік желілер туралы түсінік бере отырып, оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін толықтыру.Тәрбиелік: Оқушыларды компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу.Міндеттері: 1. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білім білік дағдыларын қалыптастыру.2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық қабілетін дамыту.Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың көрнекілігі: компьютерлер, Д.К. Видеопроектор. Тақта. Экран. Үлестірмелік карточкалар, ватман, модемдер т.б.Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық тапсырмалары.Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық.Пайдаланылған әдебиеттер: Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов «Информатика» /ЖМБ/, Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру бөліміАмандасу, түгелдеу, тексеру.ІІ. Үй тапсырмасы:Дәптерлерін тексеріп шығу, сұрақтар қою арқылы білімдерін пысықтау.Жаңа сабақ. Озық тапсырманы пайдалану.

  • Информатикалық диктант. (Интернет браузерлерді жазу).
  • Сәйкестікті тап.
  • ТОПОЛОГИЯ (БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛІ) БОЙЫНША ЖЕЛІЛЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ:

Жергілікті желінің конфигурациясы әртүрлі байланыстармен (топология) беріледі. Топология – желі компоненттерінің физикалық орналасуы. Желінің негізгі үш топологиясы бар.«Жұлдызша»-топологиясы бар желідегі барлық компьютерлер орталық компьютерлермен немесе концентратормен жалгастырылған. Мұндай желідегі екі компьютер арасында тікелей қосылу болмайды. Мұндай жүйе қарапайым және тиімді, деректер пакеттері әр компьютерден концентраторға бағытталады. Концентратор өз кезегінде пакеттерді тиісті жеріне жеткізеді. Мұндай топологияның негізгі жетістігі мынады: компьютерлер мен

концентратор арасындғы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді.«Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды: егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады. «Сақина» топологиясына тән бір нәрсе – жалғағышардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртұтас сақина құрған (міндетті түрде шеңбер емес) желі тұйықталған. Мұндай сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады.«Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлық желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл тоқтап қалады. «Сақинаның» тағы бір осал жері –деректер біреулердің желілік компьютері арқылы өтетіндіктен де, ақпаратты бөгде ұстап қалуына мүмкіндік береді.«Шина» топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте «шина» деп аталатын коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлық желілік коспьютерлер «шина» тікелей қосылады.«Шина» топологиясы бар желіде деректер екі бағытта бірдей жылжиды. Кабель – шинаның екі шетінде арнайы бұқтырмалар (терминаторлар) орнатылған. «Сақина» жағдайындағыдай, желінің бір жеріндегі қосылудың бұзылуы жұмысты бірден тоқтатады. «Шина» желісіндегі деректердің қауіпсіздігі «Сақина» желісіндегідей, оның осал тұсы – бүкіл желінің деректері әр желілік компьютерден өтеді. Желілік концентратор немесе хаб – кабельдік инфрақұрылыммен айналмалы жұп құра отырып, компьютерлерді Ethernet желісінде байланыстыратын қондырғы. Қазіргі таңда желілік концентраторлар іс жүзінде қолданылмайды, оның орнына желілік коммутаторлар қолданылады.Желілік коммутатор деп бір (бірнеше) желілік буыны ретінде компьютер желісін бірнеше түйінмен байланыстыратын қондырғы. Бірнеше желіні байланыстыруды бағдарлағыш (маршрутизатор) жүзеге асырады.Бағдарлағыш дегеніміз – желілік буын арасында мәліметтер дестелерімен алмасуға арналған және әртүрлі сәулет желілерін байланыстыратын компьютер. Бағдарлағыштың міндетіне желі топологиясы туралы ақпаратқа және әкімшіліктің қойған ережесіне негізделіп жіберуге шешім қабылдау кіреді.Жергілікті желіні баптау Wi-Fi желісін баптау.Жергілікті желіні пайдалану жалпы ақпаратты ғана емес, жалпы құрылғыны да қолдануға мүмкіндік береді. Шалғай орналасқан (перифериялық) құрылғыларға жалпы қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін оны баптау қажет. Windows 7 операциялық желісіндегі принтерге жалпы рұқсат тағайындауды қарастырайық. Ол екі кезеңнен тұрады: 1) Принтер қосылған компьютерде жалпы қолжетімділікті баптау.Басқару панелі – құрылғы және дыбыс – құрылғы және принтер бұйрығын таңдау қажет.2) Жергілікті желідегі барлық компьютерлерге желілік принтерді орнату.Компьютерде құрылғы және прин[left][/left]терлер сұхбат терезесін ашу керек. Терезенің жоғарғы бөлігінде принтерді орнату бұйрығын таңдау қажет. Әрі қарай принтердің желілік болып табылатынын нұсқау керек. Келесі қадамда табылған принтерлердің ішінен өздеріңе керектісін таңдау керек. Компьютердегі принтерді орнату шебері жұмысы аяқталуымен желілік принтерде белгіше пайда болады. Желілік принтердің белгішесі берілген компьютерге қосылған принтердің белгішесінен ерекшеленеді. Компьютерлердің жергілікті желісіне қосылу үшін мәліметтерді жіберу электромагнитті толқындардың көмегімен жүзеге асатын сымсыз қосылу жиі қолданылады. Сымсыз жергілікті желілерде орталық желілік құрылғы ретінде рұқсат нүктесі қолданылады.

Wi-Fi (ағылш.Wireless Fidelity-сымсыз дәлдік) – бұл радио-арналар бойынша мәліметтердің сандық ағындарын тасымалдау стандарты. Wi-Fi типті сымсыз желілер мәліметтерді жіберу жылдамдығын 54 Мбит/с-ке дейін қамтамасыз етеді, дегенмен жылдамдық қосылған компьютерлердің санына және рұқсат нүктесіне дейінгі қашықтыққа тәуелді.Желінің баптауы екі кезеңнен тұрады:1) Желінің бас компьютерінің құрылымы.2) Басқа компьютерлердің желіге қосылуы.ҮІ. Практикум: «Компьютерлік тәжірибелік жұмыс» тапсырмаларын орындау.ҮІІ. Сабақты қорытындылау: — Жергілікті желіні қалай баптайды?— Wi-Fi желісін қалай баптайды?ҮІІІ. Үйге тапсырма:§19. Жергілікті желі. Жергілікті желіні баптау. «Өзіңді тексер!» тест тапсырмасын орындау. (242-249 бет).ІХ. Бағалау.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.