Назарбаев кино туралы заңға қол қойды

0

Назарбаев кино туралы заңға қол қойды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кинематография саласында құқықтық негіздемелерді белгілеуге бағытталған «Кинематография туралы» заңға қол қойды, — деп хабарлайды ҚР президентінің ресми сайты. 

«Президент Назарбаев заңнаманы «Кинематография туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды», – делінген хабарламада. 

Заңнамаға сәйкес, қазақ тілінде жүргізілмейтін фильмдер қазақ тіліне аударылуы тиіс, қазақ тіліне дубляждалып немесе субтитр арқылы көрсетілуі керек. Ереженің шектеулі прокаттағы фильмдерге қатысы жоқ.

Қазақ тілінде түсірілген фильмдердің прокаты қазақ тілінде жүргізілуі тиіс, керек болған жағдайда басқа тілдерге аударылуы қажет.


Дереккөз: https://massaget.kz/