Алматыда жемқорлыққа қарсы семинар өткізіп жүрген полицейдің өзі парамен ұсталды
Ұсталған күдіктілердің бірі Игорь Дзигалюк – аталған басқарманың басшысы.
Алматыда мамандандырылған күзет қызметі басқармасының төрт қызметкері парамен ұсталды деп хабарлайды sn.kz, қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алматы қаласының мамандандырылған тергеу соты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының сұранысымен 2019 жылдың 29 желтоқсанында Дзигалюк, Нысанбаев, Орынбаев және Арашевты 2 айға қамауда ұстау туралы шешім шығарды», — делінген аталған хабарламада.
Сот мәліметінше, ұсталған төрт полицейдің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 3-тармағының 1-4 тармақшалары бойынша (адамдар тобының алдын ала сөз байланысуымен, қорқыту арқылы, аса ірі көлемде және бірнеше рет пара алу) іс қозғалған.
Осы ретте айта кету керек, ұсталған күдіктілердің бірі Игорь Дзигалюк – аталған басқарманың басшысы. Ол 2017 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәрістер өткізген.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/