Футболдан Ұлыбритания біріншілігінде 26 минутта 6 гол салынды — Футбол
«Борнмут» командасы Ұлыбритания чемпионатының 21-айналымында өз алаңында «Уотфордпен» тең ойнады, — деп хабарлайды Vesti.kz.
Борнмуттегі «Виталити — Дин Корт» стадионында өткен ойын 3:3 есебімен аяқталды. Айта кететіні барлық гол бірінші таймда салынды.
Алаң иелері сапында Натан Аке (34-ші минут), Каллум Уилсон (37-ші) және Райан Фрейзер (40-шы) гол салды. Ал қонақтарда Трой Дини (14 және 27-ші минутта) дубль жасады, ал тағы бір допты Кен Сема 38-ші минутта салды.
29 ұпай жинаған «Уотфорд» премьер-лиганың турнирлік кестесінде сегізінші орында, ал «Борнмут» 27 ұпаймен 12-ші тұр.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz