Григорчук «Астанадағы» бас жаттықтырушы қызметін жалғастырады
Роман Григорчук «Астана» футбол клубы бас жаттықтырушысы қызметіне қайта оралады. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.
Елордалық команда жаңа маусымға дайындығын БАӘ-де бастайды. Алғашқы оқу-жаттығу жиындары 15-30 қаңтар аралығына жоспарланған. Украиналық жаттықтырушының өзі қызметіне кіріседі. Ал осыған дейін бас жаттықтырушы қызметін атқарып келген Григорий Бабаян Роман Григорчуктың көмекшісі болады.
Алғашқы оқу-жаттығу жиындары кезінде «Астана» көп ойын өткізбейді. Кей жолдастық кездесулер жиынның екінші жартысына жоспарланған.
«Астананың» екінші оқу-жаттығу жиыны 3-24 ақпан аралығында Түркияда өтеді. Бұл уақытта көбірек жолдастық ойындар ұйымдастыратын болады.
Айта кетейік, Роман Григорчук отбасылық жағдайына байланысты команданы маусым соңына дейін жаттықтырмаған болатын.
Дереккөз: https://massaget.kz/