Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі және жастар арасында ӘЧ жүлдегері допингпен ұсталды
Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасының мүшесі, жастар чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Назым Ишанова допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін шеттелді, — деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстанның допингке қарсы ұлттық орталығына (KazNADC) сілтеме жасап.
Спортшы тапсырған тестілердің бірінен фуросемид іздері табылған. Бұл дәрмек өз бетінше допинг болып есептелмейді, алайда, өте ауыр заттарды денеден шығару үшін қолданылады. Мәселен, эритропоэтин сияқты гармондық затын. Сонымен қатар, ол салмақ түсіруге де қолданылады.
Бұл дерек бойынша Ишанованы жазалау туралы шешім шығарылды. Спортшы 2018 жылдың 25 қарашасынан 2020 жылдың 25 қарашасына дейін екі жылға шеттелді.
Ишанова 2013 және 2015 жылдары жастар чемпионатының қола жүлдегері. Бірнеше рет ел чемпионатында жеңіске жеткен. Былтыр Ишанова Үндістанда өткен әлем біріншілігіне қатысқан.
Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/