Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 381 теңгеге тең — Нарық
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында долларына нығайды 381,64 теңгеге тең болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, 29 желтоқсанда доллар бағамы 384,68 теңге болған.
Таңғы сауданың бірінші келісімі 382 теңгемен өтті және осы максималдық құны болды, ал минималдық құны — 381,3 теңге. Сауданың жалпы көлемі 30,5 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 380,5-382 аралығында.
29 желтоқсанда ұлттық валюта рекордтық (387 теңге) көрсеткішке дейін әлсіреді. 26 желтоқсанда ұлттық валюта әлсірей бастады, онда доллар бағамы — 374 теңге болды. 26 желтоқсанда ақша айырбастау пунктерінде доллар 378 теңгеге сатылып жатты. 28 желтоқсанда доллар 383 теңгеге сатылды.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz