Жақында Геннадий Головкиннің әйелі босанады
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) отбасында жақында бала дүниеге келетінге ұқсайды, — деп хабарлайды Vesti.kz.
Мұндай ақпаратты The Ring журналының инсайдері Майк Коппинджер таратты. Оның пайымдауынша, осы айда Головкиннің отбасында перзент дүниеге келеді.
Hearing GGG is waiting until the birth of his child to make a decision on a new network home, so we should have clarity this month. He and wife are steering his career now. Will decide between PBC, DAZN and ESPN
— Mike Coppinger (@MikeCoppinger) 2 января 2019 г.
Айта кетейік, Головкиннің жұбайы Алинамен екі бала тәрбиелеп отыр — тоғыз жастағы ұлдары Вадим (2009 жылы сәуірде дүниеге келді) мен есімі әлі күнге жария етілмеген қыздары бар (2017 жылы қыркүйекте дүниеге келді).
Вадим Головкин хоккеймен айналысады. Әкесінің бапкері Абель Санчестің ойынша, GGG-дің ұлының мүмкіндіктері зор және ол болашақта атақты ойыншы болуы мүмкін. Олар әкесі екеуі ҰХЛ-дың бірнеше матчында көзге түсті.
2017 жылы 7 шілдеде Геннадий Головкин үйленгеніне он жыл толуын атап өтті, олар әдемі датада отбасын құрған — 7.07.2007. Оның жұбайы Алина да қарағандылық және ол ел алдына көп шыға бермейді. Олар үйленгенге дейін жеті жыл кездесіп жүрген. Алина Головкинаның екі жоғары білімі бар.
36 жастағы Головкиннің соңғы жекпе-жегі 2018 жылы қыркүйекте болды, қарымтада ол мексикалық Сауль «Канело» Альварестен жеңілді. Сөйтіп, GGG мансабында тұңғыш рет жеңіліп, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылды. Қазақстандық боксшы 2019 жылы көктемде рингке оралады деп жоспарланған.
Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/