Сан есім — Бастауыш сынып — Bilim
Сан есім
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі:
Сөз табының бір түрі сан есім туралы білімдерін жетілдіру,сан есімнің тұлғасына, мағынасынақарай берілген жаттығуларды орындату арқылы сан есім сөздердің өмірде қолданылуы жайлы түсініктерін кеңейту.
2.Дамытушылығы:
Ой-өрісін,зейінін,логикалықойлауқабілеттерін,дүниетанымын ,тілін, білімге деген құштарлығын дамыту.
3.Тәрбиелігі:
Адамгершілікке, елжандылыққа,ұлттық тарихи құндылықтарды
қастерлеуге,жаттығулар орындау барысында әдемі,сауатты жазуға
тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ой қозғау, жеке жұмыстар,ой
қорыту, танымдық ойындар, ізденушілік жұмыстар.
Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, суреттер,цифрлар
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Мұғалім: -Сәлематсыздар ма, балалар?
Оқушылар хормен:
Амансың ба алтын күн,
Амансың ба көк аспан.
Амансың ба достарым,
Амансыз ба ұстазым!
ІІ.Өткенді қайталау. Сан есімнің ережесі және 8-жаттығу көңілді
шумақты оқып сан есімдерді табу.
ІІІ.Жаңа сабақ:
ғқұәүюрпораиррүғпнеопсаніңяесімғңмокурэжъхзбюлдеғ Осы әріптердің ішінен
бүгінгі сабақтың тақырыбы болатын сөздерді табу. Сан есім.
Сызбамен жұмыс:
-Демек балалар бүгін сан есімнің қайталау сабағын өтеміз.
-Сан есімді қайда қашан кездестіреміз?
-Математика сабағында,дүкенде,автобуста отырғанда кездестіреміз
Оқулықпен жұмыс:
Дәптерге күнді, тақырыпты жаздырту. (тақтада)
9-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.
Зымырандай ғимарат
Алыстан көз тартады.
Әлемге аян атағы:
155 метр-биік ол,
Бұлттан да әрі асады.
Қиюласып тастар нақ,
Кеткен шырқап аспандап:
34 қабат үй емес,
Көкке бастар баспалдақ.
- Сан есімдерді байланысты сөзімен қоса теріп жаз.
Жүз елу бес метр, отыз төрт қабат
10-жаттығу.Жұмбақтарды оқып, шешуін тап.
1.Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт салдырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар. (Сиыр)
2.Белдеуде бес ат,
Бесеуі де қасқа ат. (Саусақ)
11-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз.
1.Айша үшінші сыныпта оқып жүр.2.Ауылға дейін үш сағаттай жүріппіз.3.Мектепте алты жүз елудей бала оқиды.
12-жаттығу.Ребусты шеш.
«Елу жылда ел жаңа» (жаздырту тақтаға)
Бұл ұғымды ана тілінде біз қалай атаймыз?
Мақал.
-Олай болса осы бір халық даналығынан қалған асыл сөзді қалай түсінесіңдер?
— «Елу жылда ел жаңа» дегеніміз Біздің еліміз 70 жыл Ресейдің қарамағында болса, енді міне арасына бірнеше жылдар салып менің елім Егеменді, тәуелсіз ел атанды.
-13 жылдың ішінде басқа елдер қызығы да, қызғана да қарайтын жаңа Астана бой көтерді.
-Олай болса оқушылар біздің мақалымыз, сұрақтарға берген жауабымыз, қандай сөз табының арқасында ойымызды анық жеткізе алдық?
Сергіту сәті
«Қос қарлығаш» биі
13-жаттығу.Көп нүктеніңорнына сан есім қойып жаз.
Көз-екеу Қозы-төртеу
Ауыз-біреу Қой-бесеу
14-жаттығу.Құрамында сан есімі бар сөздерді сөзбен жаз.
Кебірлік,жетік,түбір,күшік,желтоқсан,алтыбақан,сегізкөз.
Пысықтау: Сөзжұмбақ шешу
1.Көлден ұшты жеті қаз,
Қайта қонды екі қаз.
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді?
2.3-пен 3-тің қосындысының мәні неше?
3.Ұстаз неше санын көрсетіп тұр?
4. …….рет піш,
Бір рет кес.
5.Бір,екі,үш,төрт,бес,алты,жеті,……,тоғыз,он.
6.Ағайын алтау,ана-……
7.500бен 500-дің қосындысының мәні
с
|
С с
|
С С С
|
|
|||||||
|
пр А А
|
|
|
|
|
|||||
|
|
Н Н
|
|
|||||||
|
|
Е
|
|
|
|
|||||
|
С
|
|
|
|
|
|||||
|
|
І
|
|
|
|
|
||||
|
М М М
|
|
|
|
||||||
ІV.Үйге тапсырма беру. 15-жаттығу.«Кім тапқыр?»ойыны.Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып жаз.
16-жаттығу.Ол қай сан?
Дереккөз: http://bilim-all.kz/