Саудия тақ мұрагерін сынға алған америкалық телешоу бұғатталды
Америкадағы ойын-сауықтық «Netflix» онлайн-компаниясы Сауд Арабиясына тарайтын сатиралық теле шоуды бұғаттады. «Хасан Минхажбен бірге патриоттық акт» деп аталатын бағдарлама Сауд карольдігінің шағымынан кейін көрермен көзінен таса болған.
Аталған бағдарламада жүргізуші Хасан Минхаж журналист Жамал Хашоггидің өліміне қатысты Арабияның тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманды сынға алған. Бұл жағдайға шамданған Саудия карольдігі өздерінің уәждерін айтып, онлайн арнаның Эр-Рияд аумағында көрсетілмеуіне қол жеткізді.
Ал, мұндай мәлімдеге өз пікірін білдірген Хасан Минхаж: «Тез арада ушыққан журналистің қазасына байланысты «Уашингтон пост» басылымы тақ мұрагерінің бейнесін реформатор ретінде көрсеткен. Алайда, менің ойымша, тақ мұрагері шын мәнінде реформатор емес. Бұл менің мұсылман және америкалық ретіндегі көзқарасым», деп жеткізді.
Бұдан бөлек, онлайн-компанияның бұғатталуын Халықаралық қоғамдық құқықтарды қорғайтын ұйымның өкілі Сара Лия Уитсон бірден сынға алып, «Netflix» компаниясының шығармашылық еркіндігі түкке тұрғысыз екендігін Туиттер парақшасында жариялады. Оның ойынша, әрбір шенеуніктің талабына бас ұрып, журналистердің жұмысына кедергі жасау, демократиялық елдегі тәуелділіктің белгісі екендігін атап көрсеткен.