атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0

Бұл Григориан күнтізбесінде 3-ші күн. Жыл соңына дейін 362 күн бар.

3 қаңтарда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын оқыңыз.

3 қаңтарда қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін – Коктейльге арналған таяқшаның туған күні. Хош иісті, дәмі тіл үйіретін коктейль – ересектердің де, балалардың да сүйікті сусыны. Алкогольді және алкогольсіз коктейль шөлді қандырып қана қоймай, жанға рақат сыйлайды. Коктейльге жалбыз жапырағын, жеміс шырынын, балмұздақ, шәрбат пен алкогольдің кез келген түрін қосуға болады. Ең бастысы, маңызды компоненті саналатын таяқшаны бірге ұсынуды естен шығармасаңыз болғаны. Бұл сусынның түсі мен мөлшері әртүрлі, көп жағдайда қолшатыр және отшашу секілді қосымша элементтермен сәнін кіргізіп жатады. 

Сондай-ақ, бүгін – бенгал оттары мен гирлянд шамдары күні. Сүйікті топтың концертінде адамдар біруақытта бенгал оттарын жағып, жоғары көтеріп, музыка ырғағына билеп тұрғанын талай рет көрген шығарсыз. 

Бүгін америкалықтар Ұлттық шоколадтағы шиенің күнін атап өтеді. Шоколадтағы шиені алғаш 1929 жылы Нью-Йорктің Cella’s Confections фабрикасы өндіре бастады. 1985 жылы компанияны Tootsie Roll Industries сатып алды, алайда Cella шоколадындағы шие Америкада әлі күнге дейін сатылады. Кәмпиттің екі түрі шығарылады – қара және сүт қосылған шоколад. 

3 қаңтарда әлемде болған тарихи оқиғалар 

1934 жылы КСРО-да ұшақтарды радиолокациялық әдіспен анықтау жүйесі сынақтан өткізілді; 

1959 жылы Аляска түбегіне АҚШ-тың 49-штаты мәртебесі берілді; 

1962 жылы Рим папасы Фидель Кастроны шіркеуден аластатты; 

1977 жылы Apple фирмасының алғашқы компьютері шығарылды.

        3 қаңтарда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1996 жылы Қазақстанның мемлекеттік автоинспекциясының атауы жол полициясы болып өзгерді; 

2005 жылы Павлодарда Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевқа мемориалды тақта ашылды; 

2007 жылы Семейде қазақ ақыны және философы Шәкәрiм Құдайбердиевтiң өмірбаянының осы уақытқа дейін белгiсiз болып келген айғақтары табылды.

3 қаңтарда әлемде туған танымал тұлғалар 

1892 жылы ағылшын жазушысы, тіл маманы, ақын, филолог, Оксфорд университетінің профессоры Джон Толкин дүниеге келді. «Жоғары фэнтези» классикалық туындыларының авторы ретінде танымал: «Хоббит, или туда и обратно», «Властелин колец» және «Сильмариллион»;

1905 жылы кеңестік кенші, көмір өнеркәсібіне жаңашылдық әкелген адам, Стаханов қозғалысының негізін қалаған Алексей Стаханов өмірге келді. Социалистік Еңбек Ері (1970);

1956 жылы америкалық-австралиялық актер, режиссер, сценарийші және продюсер, екі мәрте «Оскар» жүлдесі мен «Алтын глобус» сыйлығының лауреаты Мел Гибсон туды. Австралия орденінің құрметті офицері. 

1969 жылы неміс автошабандозы Михаэль Шумахер дүниеге келді. Әлемнің жеті дүркін чемпионы, әлемнің екі дүркін вице-чемпионы және үш дүркін қола жүлдегері. 

3 қаңтарда Қазақстанда кімдер туды

1900 жылы белгілі ғалым, медицина ғылымының докторы, профессор, республикадағы травмотология-ортопедияның негізін қалағандардың бірі  Григорий Эдельштейн өмірге келді; 

1929  жылы философия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық ғылым академиясының академигі Бәкет Амантаев дүниеге келді; 

1929 жылы айтыс ақыны Көпбай Омаров туды;

1950 жылы еркін күрестен, самбо, қазақша күрестен спорт шебері Сейдәлім Баймұқашев өмірге келді.

Ай күнтізбесі 

Ай Мерген белгісінде орналасады. Бүгін эмоциналды тұрғыдан айтарлықтай қиын күн болмақ. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын, «жеті рет өлшеп, бір рет кескен жөн». Әбден ойда пісіп-жетілген, егжей-тегжей жоспарланған істі ғана бастауға кеңес береміз. Әйтпесе қиын жағдайға тап болып, проблемалармен бетпе-бет келуіңіз мүмкін.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/