Home›Lifestyle›21- ғасыр көшбасшысы. Математика пәнінен сыныптан тыс сабақ.
21- ғасыр көшбасшысы. Математика пәнінен сыныптан тыс сабақ.
2 Қаңтар, 2019, 19:22
0
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
21- ғасыр көшбасшысы. Математика пәнінен сыныптан тыс сабақ.
Автор: Шындаулетова Ляззат Талгатовна
Бағыты: Математика Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 11 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-02
Материал туралы қысқаша түсінік
21- ғасыр көшбасшысы. Математика пәнінен сыныптан тыс сабақ.
Сыныптан тыс сабақтың жоспары.XXI — ғасыр көшбасшысы.9-сыныпПәнге деген қызығушылықтарын ояту әр мұғалімнің басты мақсаты.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда сыныптан тыс жұмыстардың атқаратын орны ерекше. Дұрыс ұйымдастырылған сабақ баланың ой-өрісін кеңейтеді, өзіне деген сенімін күшейтедіI тур. Бәйге. Бұл бөлімде әртүрлі сұрақтарға жауап береді.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.1— сұрақ. Перпендикуляр қай елдің сөзі? ( латын сөзі тік бағыт)2-сұрақ. 7 туыстың бір бірден қарындасы бар. Олар барлығы нешеу?( 7 ағасы, 1 қарындасы бар. Барлығы 8 туыс.)3-сұрақ. 66 санын ешбір амал қолданбай оны жартысына арттыру керек?( 66 ны 99 шығатындай етіп аударып көрсету керек)4 -сұрақ. Қандай сандар барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? ( нөл)5- сұрақ. Цифрларды қозғап, дұрыс теңдік шығарыңдар.а) 93 – 17= 21 б) 13+ 2= 33( а) 93 – 71 = 21 б) 31 + 2=33 )6- сұрақ. Үш ғасырда неше жыл бар? (300 )7- сұрақ. Бес адам кездесіп қол алысып амандасты. Барлық қол алысу саны қанша? (10)8-сұрақ. 640 саны 3-ке бөліне ме? (жоқ )9- сұрақ. Сан аралықтарының неше түрі бар және оларды ата ?( 5 түрі бар: интервал, кесінді,жартылай интервал,сәуле,ашық сәуле )10-сұрақ. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?( түйеқұстар ұшпайды )11- сұрақ. Қандай түзулердің ортақ нүктесі жоқ?( параллель түзулер )12-сұрақ. Бір нүктеден шығып екі сәуледен құралатын фигура?( бұрыш )13-сұрақ. Бір баланың жасы үш жылдан соң бұрынғы жасынан екі есе артық болады. Олқанша жаста ?( үште)14-сұрақ. Санның жүзден бір бөлігі.( пайыз )15- сұрақ. Үш таңбалы 87 саны 5- ке де, 3-ке де бөлінеді. Осы санның соңғы цифрын тап?( 870 )II тур. Көкпар.Біздің «Көкпар» кезеңімізде оқушылардың шапшаңдығын көреміз.2 минутта « тригонометрия » сөзінің әрбір әрпінен басталатын математикалық термин жазу керек. Қанша сөз тапса сонша ұпай алады.III тур. Тіл-өнер (полиглот ) Көп тілді меңгеру қазіргі заман талабы болып отырғандықтан қатысушылардың шет тілін қаншалықты білетіндігін «Полиглоттан » байқайық.Бұл турда жасырылған сөзді немесе жұмбақ шешуін үш тілде қазақша, орысша , ағылшынша айту керек.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын даҰзындығы жазулы тұр бойында.(сызғыш,линейка,ruler)Қабат-қабат қаптама,Ақылың болса аттама.(кітап , книга, book )Ел құлағы-…….. ( елу,пятьдесят, fifty )Мың қосшыға …. басшы. ( бір, один, one )Қос құлақты жүз тісті,Жүзінен бірақ із түсті.( ара, пила, saw )Ит …. қазынаның бірі. ( жеті, семь, seven )Елу жылда …. жаңа ( ел, страна, contry) IVтур Бұл бөлімде оқушылар төмендегі кесте бойынша сұрақтар таңдайды.Дұрыс жауап берсе сол ұпай қосылады.20202030303040404020 «Логика» –ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар:1.Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды? Жауабы: 1-Марат, 2-Асет, 3-Талғат2.Он екі литрлік бөшкеде квас бар, соны сегіз литрлік және үш литрлік екіге тең қалай бөлуге болады?Шешімі: 12-3=9 9-3=6 6=63. «1»цифрын 5 рет және амалдар таңбасын паайдаланып 100-ді қалай жазуға болады ?( 111-11=100 )30 «Тілдік мақсат»- ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар:П- әріптен басталатын математикалық терминдерді ата ? С-әріптен басталатын математикалық терминдерді ата ?А-әріптен басталатын математикалық терминдерді ата ?40 «Ғалымдар»- ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар:Координаталық жазықтықты дәлелдеген ғалымды ата ?(Француз ғалымы Рене Декарт ) «Маған ұзын тұтқа мен тіреу нүктесін беріңдерші, сонда мен Жерді орнынан жылжытамын»,-деген кім( Архимед )« Ақыл- ойды тәртіпке келтіретін математика » кімнің сөзі?( М.В.Ломоносов )Vтур. Шешендік өнерТақырыптар: 1. Оқу- инемен құдық қазғандайЕңбек -бәрін жеңбек.Осы кезеңнен кейін қатысқан оқушылардың ұпайлары есептеліп, көп ұпай жинаған екі оқушы келесі кезеңге көшеді,қалған оқушылар ойыннан шығады.VI тур. Жорға1 – оқушыға қойылатын сұрақтар.Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу (параллель)Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді ? ( хорда )11 жай сан ба ,құрама сан ба? ( жай )180 ○ градусқа тең бұрыш. ( жазыңқы бұрыш )Екі қатынастың теңдігі. ( пропорция )Жазықтықтың шегі бар ма? ( жоқ )3 ғасырда қанша жыл бар? ( 300 )Тәуліктің төрттен бір бөлігі. ( 6 сағат )Бір нүктеден шыққан түзу. ( сәуле )ОУ осі қалай аталады ? ( ордината ) 2 – оқушыға қойылатын сұрақтар.Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу. ( перпендикуляр )Ең үлкен хорда ( диаметр )II- ширектің таңбасы. ( -; + )Тік бұрыш неше градусқа тең ? ( 90 ○ )19 құрама сан ба? ( жоқ )Ең кіші үш таңбалы сан . ( 999 )Қабырғасы 4 см шаршының ауданы ( 16см2 )75% – санның қандай бөлігі? ( ¾ )Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі ( кесінді )ОХ осі қалай аталады? ( абсцисса )Музыкалық үзіліс.VII тур. Марапаттау.Қорытынды.Жеңімпаз оқушы анықталып, марапатталады.