Ақтауда жаппай жол-көлік оқиғасы болды — Тосын жай

0

2 қаңтарда Ақтауда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының маңында үш автокөлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам зардап шекті, — деп хабарлайды Lada.kz

Оқиға 2 қаңтарда таңғы 08:30-да болған. Жол апаты салдарынан бір адам зардап шекті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді. 

«Шамамен 09:00-де зардап шеккен адам Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген», — деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері. 

Портал мәліметінше, жолдардың мұзтайғақ болуына байланысты көліктер соқтығысқан. 


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz