Сабақ жоспары Шалкиіз толғаулары. “Би Темірге бірінші толғау” 9-сынып
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Сабақ жоспары Шалкиіз толғаулары. “Би Темірге бірінші толғау” 9-сынып
Бағыты: Қазақ әдебиеті Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 9 сынып
Бұл материал қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдеріне керек.
Сабақтың тақырыбы: Шалкиіз толғаулары. “Би Темірге бірінші толғау”
Күні : 12.12.18ж
Мұғалімнің есімі : Қалиева Ж.М.
Сынып : 9 А
Қатысқандар саны
Қатыспағандар саны :
Сабаққа негізделген оқу мақсаты:
Шалкиіз толғауларымен танысады, тақырыбын біледі. “Би Темірге бірінші толғау” толғауының мағынасын , тарихын біледі.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар : Шалкиіз шығармаларымен танысады.
Оқушылардың басым бөлігі: Шалкиіз толғауларының тақырыбын түсінеді.
Кейбір оқушылар: “Би Темірге толғауын талдайды, пікір айтады.
Бағалау критерийлері :(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже критерийлері)
Ауызша және жазбаша мәтін құруға дағдыланады.
Өз тілін ,әдебиетін , тарихын құрметтейді.
Талдайды, сараптайды.
Тілдік мақсаттар
Тілдік дағдылар : қазақ әдебиеті, көркемдеуіш құралдар
Терминология :
Сөз тіркестері:
Құндылықтарды дарыту
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау.
Қарым-қатынас жасау мәдениеті
Өмір бойы оқуға дайын болу
Пәнаралық байланыстар
Қазақ тілі, қазақ әдебиеті
АКТ қолдану дағдылары
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім.
Шалкиіз жыраудың өмір сүрген кезеңімен таныс.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жұмыстар:
Ресурстар:
Басталуы
І.Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. “Өзіңе тілегенді өзгеге тіле.
Үй тапсырмасын сұрау.
Шалкиіз өмір сүрген кезең туралы не айтуға болады?
Қай ханның тұсында өмір сүрді?
Жыршының нақыл сөздерін жатқа айта аласың ба?
Ортасы
ІІ. Жаңа сабақ.
Шалкиіз өлеңдерінің тақырыбын жазып шығу. Не білемін?
Нені білгім келеді?
Мәтінді тыңдай отырып не түсінгендеріңізді ауызша айтып шығыңыздар.Би Темірмен неге араз болып кетті деп ойлайсыздар?
Шалкиіз жыраудың толғауларында мұсылманшылық қағидаларын қажетті тұстарда ой жеткізуге ұтымды пайдалануы , сонымен бірге көшпелі елдің жөн-жоралғысына , дәстүр -салтына қатысты көріністердің де орайымен алға тартып отыруы Шалкиіз жыраудың мұсылманшылық жолын да , халықтың өмір салтын да жетік білетінін көрсетеді.
Шалкиіз қазақ пен ноғайлы хандарының бәрімен таныстықта болған. Әсіресе ноғайлы ханы Би Темірмен етене жақын араласқан.Оның кеңесшісі болған.Жорықтарда үзеңгілес серігіне айналған. Осы кезеңде ол:
“… Менің ием би Темірдің әрі өзім Жау көрген күн жүрегінің басы едім , Көз үстінде қасы едім! ..”дейді.
Тапсырма. 2.
Шалкиіздің ақындық қуатын танытатын шығармасы.
“Би Темірге бірінші толғау” Мәтінді оқып шығып , мағынасын түсіндіру.
Би Темірді суреттейді. Көркем сөздерді қолданады.
Аңыздарда айтылатын “Алты ай жортса да арымайтын қазанатқа теңейді”
Мәтінге әдеби талдау жасау.
Мазмұны
Тілі.
Ой тұжырым. Мақал-мәтелдермен.
І бөлім . Жыраудың Темірді қатты құрметтеуі. Ассонанс, аллитерация, қайталау, теңеу, эпитет.
“Алты ай жорытса да арымайтын қазанат.
ІІ бөлім. Би Темірге қожа сапарынан тоқтатуға айтқаны. “Өзге елге сұлтан болғанша, өз еліңе ұлтан бол”
Сөздер Қағба- мұсылмандар қадірлейтін қасиетті орын.
Қазанат- жүйрік , алдына жан салмайтын ат.
Не білдім?
Шалкиіз жырау кім?
Жырау (қандай шығармалары бар?
Рубасы (Қай руда болды?)
Батыр (Би Темірмен жорықтары)
Кеңсші. (кімге кеңесші болды?)
Аяқталуы
Үйге тапсырма: “Би Темірге толғауы” жаттау.
Рефлексия.
Бес саусақ тәсілі.
Бас бармақ-басты мәселе.Бүгін сабақта қандай мәселе болды?
Балалы үйрек- бірлесу. Мен топта, жұпта қандай жұмыс жасадым?Кімге көмек бердім?
Ортан терек- ойлану.Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма?
Кішкентай бөбек- көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?
Қосымша ақпарат
Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарладыңыз? Қабіліті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз. Қабілеті жоғары оқушылар өздерінің алдына қойған мақсатқа жету үшін , жан-жақты білімді екенін көрсете білді. Өзінің пікір, қалауын түсіндіре алады.
Бағалау- Оқушылардың үйренгенін , материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау кезінде оқушылардың өздері де қатысады.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағымдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады?( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруіне көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.