Месси испаниялық Marca нұсқасы бойынша жыл футболшысы атанды — Футбол
«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси испаниялық Marca нұсқасы бойынша жыл футболшысы атанды, ал туриндік «Ювентус» сұрмергені Криштиану Роналду төртінші орынды қанағат тұтты, — деп хабарлайды РИА Новости.
Басылымның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, екінші орынды «Алтын доп — 2018» иегері атанған «Реал» жартылайқорғаушысы Лука Модрич, ал үздік үштікте мадридтік «Атлетико» шабуылшысы Антуан Гризманн көрінді.
2018 жылы жазда «Реалдан» «Ювентуске» ауысқан Роналду төртінші орында тұр. Үздік ондықта мынадай футболшылар бар: Килиан Мбаппе (шабуылшы, «Пари Сен-Жермен»), Мохамед Салах (шабуылшы, «Ливерпуль»), Эден Азар (жартылайқорғаушы, «Челси»), Рафаэль Варан (қорғаушы, «Реал»), Харри Кейн (шабуылшы, «Тоттенхэм»), Кевин де Брёйне (жартылайқорғаушы, «Манчестер Сити»).
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz