Имамдар электронды үлгіде аттестациядан өтті
Астана. 9 қараша. KAZISLAM – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Тараз қаласында Сараптау комиссиясының жұмысына қатысты.
«Аттестация мақсаты — дін қызметкерінің білімі мен қабілетін айқындау. Білімін дəлелдей алмаған имамды қайта оқыту курсынан өткіземіз» деп атап өтті Серікбай қажы Ораз.
Айта кетейік, Жамбыл облысына қарасты 400-ден астам дін қызметкері арнайы əзірленген электронды тест жүйесімен сынақ тапсырды. ҚМДБ Діни істер бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбеттің айтуынша, аталған жоба Сараптау комиссиясының жұмыс тиімділігін арттыруда.
«Электронды тест сұрақтарында ақида, фиқһ, заң, ҚМДБ құрылымына қатысты сауалдар енгізілген. Имамдар бұған қоса ауызша емтиханнан өтті» дейді Н.Əуезханұлы.
Сараптау комиссиясына наиб мүфти Алау Əділбай төрағалық етті.