Пәні: |
Қазақ тілі |
Күні: |
27.04.2018 ж. |
Сыныбы: |
5 «А» |
Сабақтың тақырыбы: |
Шаршамаймын десең… |
Сабақтың мақсаты: |
5.1.5.1 – тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру:5.4.4.1 – жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану. |
Сабақтың типі: |
Жаңа сабақ |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: |
Әңгімелеу, топтастыру, сұрақ-жауап, т.б. |
Көрнекілігі: |
Қима қағаздар, кесте, интерактивті тақта, слайдтар |
Пәнаралық байланыс: |
Қазақ әдебиеті |
Ұйымдастыру кезеңі: |
І. «Психологиялық тренинг»1.Оқушылар шеңбер болып тұрып, бір-біріне тілектер айтады.2.Топқа бөлу1-топ. Сергектік.2-топ. Зеректік.3-топ. Көңілділік.ІІ. Оқушыларды түгендеу.ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау. |
Жаңа сабақ:Оқылым. |
Мәтінді мұқият оқыңдар. |
Ойтүрткі: |
Сұрақтарға жауап беріңдер:
Көрші қыздың көңілді жүруінің сыры неде?
Қандай көңіл-күйдегі адам тез шаршайды?
Себебі неде деп ойлайсыңдар?
Достарыңа бақылау жүргізіп көріңдер.
|
Деңгейлік тапсырмалар: |
1-деңгей. Мәтіндегі жағымды және жағымсыз әрекеттерді білдіретін сөздерді бөліп жазыңдар.2-деңгей. Шаршаған кезде немен айналысатындарың туралы сұхбат құрып, 3-4 сөйлеммен қорытындылаңдар.3-деңгей. Өмірде кездесетін қиындықтарды жеңу үшін достарыңа қандай ақыл-кеңес берер едіңдер? Тізімін жасаңдар. |
Ой қорыту: |
І. Абайдың нақыл сөздері.ІІ. «Артық болмас білгенің» айдарында берілген мәліметтерді негізге ала отырып, «Қос жазба күнделігін» толтырады. |
Рефлексия: |
«Бағдаршам» әдісі арқылы бүгінгі сабақты қорытындылайды. Жауаптарға сәйкес бояйды. |
Үй тапсырмасы: |
Көңіл-күйді көтеретін сөздерді тауып жазып, оларды тұлғасы мен құрамына қарай талдайды. |
Бағалау: |
Топ басшылары бағалау парағы бойынша топтағы белсенді оқушыларды бағалайды. |
Қаралым саны: 183