Оқушылардың мотивациялық және білімділік сапасын арттыру мақсатында математиклық құзіреттілігін дамыту

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады



Оқушылардың мотивациялық және білімділік сапасын арттыру мақсатында математиклық құзіреттілігін дамыту

Автор: Шинтимирова Амина Камешқызы

Бағыты: Басқа Бөлімі: Мақала Сыныбы: Басқа

Жарияланған уақыты: 2019-01-01


Материал туралы қысқаша түсінік

Жаңартылған бағдарламамен оқытатын математика пәні мұғалімдеріне арналады.




Оқушылардың мотивациялық және білімділік сапасын көтерумақсатында математикалық құзіреттілігін дамыту(баяндама)Шинтимирова Амина КамешовнаРудный қаласы әкімдігінің «№7 мектеп-гимназиясы» КМММатематика пәні мұғалімі

Қазіргі заманғы мектептің маңызды мақсаты оқушылардың қоғамдағы мүмкіндіктері мен тұлғалық қабілеттерін еркін жүзеге асыру үшін олардың шығармашылық ойын және мардымды іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады. (3-слайд) Л.Н.Толстой мұғалімдерге арнап былай деген екен: «Оқушыны ғылыммен тәрбиелегің келсе – өз ғылымыңды сүй және оны жетік біл, сонда ғана оқушылар ғылымды сүйеді, ал сен оларды тәрбиелей аласың».Менің жұмыс істеп жүрген әдістемелік тақырыбым бірінші жыл емес, және кездейсоқ таңдап алынған жоқ. Ол мектептің «Оқу-тәрибе үрдісін индустриализациялау жағдайында білім беруді жетілдіру» тақырыбымен және әдістемелік «Сапалы білім берудің негізі – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» тақырыбымен, олардың міндеттерімен ұштасып жатыр. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама.«Математика» пәні сабақ кестесінің алдыңғы қатарларының бірін алып тұрады, дегенмен басқа пәндер оқушылардың рухани мүдделерінде математиканы соңғы орындарға ысырады. Менің жоғарғы сынып оқушыларынан алған сауалнамамда математика «сүйікті» пәндердің соңында жүр.(4-слайд) Мен, мұғалім ретінде, өзімнің міндетім деп, оқушыларға білім алуға көмектесу үшін оларда экономиканың математикалық моделін құруды үйрету, аталған ғылымды қоғамдық құбылыстарда, тарих мәселелерін зерттеуде, тілдерді меңгеруде, т.б. қолдана білуді үйренуге мүмкіндік беретіндей білім беруді, білік және дағдыларды қалыптастыруды қажет деп түсінемін. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуі(5-слайд) Менің педагогикалық жүйемнің негізгі қағидалары болып табылатын мыналар:

  • білім берудегі гуманизация;
  • оқытудағы тұлғалық бағытталу;
  • ынтымақтастық педагогикасы;
  • танымдық және шығармашылық қабілеттерді дамыту;
  • жас ерекшеліктерін ескеру.

Тәжірибенің туу және орнығу шарттарыМенің мектебімнің оқушылары қала балалары болғанмен де, көп жағдайларда математикалық білімнің өмірдегі қажеттігін жете біле бермейді, мамандық таңдауда математикалық білімді қажет ететін салаларды сирек таңдайды. (6-слайд) Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек және бүгінгі математика сабағы қандай болу керек? Осы сұрақтар мені әрдайым ойландырады.(7-слайд) Математика сабағы – бұл мұғалім мен оқушының әріптестігі, мәселені бірлесіп шешу, қиын мәселелерді шешуде мұғалім олардың қисынды ойлауына, шығармашылық қабілетін ашуға жағдай туғыза отырып, бағыт бере отырып, әрбір баланы соңына ертуі. Оқушыларды заманауи қоғамдық өндірісте еркін бағдарлау білігін қалыптастыру үшін және өз білімдерін белсенді қолдана алу қабілеттерін дамыту үшін математика пәні мұғалімінің алдында әбден белгілі мәселелер тұрады. Міне, осы негізде ғана мектептік математиканы терең игеру, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық болады.Менің тәжірибемнің басты педагогикалық идеясы – табысқа жетуге, танымдық сезімнің қуанышына, шынайы мүддеге, тұлғаның өзіндік дамуына, адам болудың басты роліне негізделген қыспақсыз ілім.Менің идеямды өмірде іске асыру үшін маған не қажет болды:

  • жаңартылған білім берудің жаңа мазмұнымен танысу және жұмысыма жаңа педагогикалық технологияларды енгізу;
  • сабақтарымда балаларға жанға жайлы қолайлы атмосфера құру, жанашырлық, астасу, т.б.
  • балаларды қызықтыратындай үнемі әр-түрлі әдіс-амал, тәсілдердің шығармашылық ізденісі;
  • жұмысымның өзіндік тәжірибесін жинақтау және әріптестерімнің тәжірибелерін байқап көру.

Әрбір сабақ нәтижелі болуға тиіс, және оқушыларды белсенді шығармашылық әрекетке баулығанда ғана соған жетуге болады. Оқушының алдына қойған мәселені өз бетімен қаншалықты шешуіне байланысты, оның білімінің тиянақтылығы туралы соншалықты айтуға болады.Өзектілігі және өміршеңдігі.Оқушылардың мотивациялық және білімділік сапасын көтеру мақсатында математикалық құзіреттілігін дамыту жаңартылған білім бағдарламасын қолдану жағдайында оның жүзеге асуының құрамдас бөлігі болады. Мектеп әлеуметтік мәселелерге бет бұрып, өмірмен тығыз байланыста болу керек. Адамның еңбегі қиындауда, оның кәсіби дайындығының сипаты өзгеруде. Адамдардың тіршілік әрекеттерінің жаңа шарттары олардың шығармашылық күштерінің қолданысына кең жол ашады. Осы белсенді шығармашылық күштерді бала жастан бастап-ақ кәсіпке, қоғамның жан-жақты құндылықтарына телуде мектепте танымдық әрекеттерді меңгеру кездерінде қалыптастыру керек.Ғылыми-техникалық прогрестен, өмірдің жаңа шарттарынан туындаған қазіргі кәсіптің көпшілігі ақыл-ойдың және физикалық мехнаттың қосылысын талап етеді. Мұнда жай ғана орындаушылық емес, шығармашылық шешім, күрделі де шетін жай-жапсардағы жедел бағыт-бағдар керек. Жалпы білімдік базасындағы өз кәсібінің кең және терең білімі іс-әрекеттің түрлі көріністерінің арасындағы өзара байланыстарға бағдарлану ретіндегі қазіргі өндірістің тиімділігінің факторы болып қала береді. Бұл ғана емес, дүниетанымдық, өмірлік айқындама, тынымдылық есті тәртіп көп нәрсені шешеді. Мұның бәрі мектептік жылдарда мектеппен де, отбасымен де, қосымша білім беру мекемелерінің кең тармақтарымен де бір нысанға келтіріледі.Оқушылардың мотвацициялық және білімділік сапасын көтеру мақсатында математикалық құзіреттілігін үнемі дамыту арқылы жаңартылған білім мазмұнын іске асыру біздің жалпыхалықтық үлкен іске қатысымызды ашып көрсетеді.Жаңартылған білім мазмұны оқыту арқылы өскелең ұрпақтың сан қырлы дайындығын таным әлемінде де, дүниетанымда да, еңбекке психикалық және практикалық дайындауда да, ақиқатты эстетикалық игеру облысында да, ең бастысы – қоғамның адамгершілік нормаларын бойға сіңіріп, оны әрбір адамның өз тіршілігінде жүзеге асыруында да қажет ететін мәселелерді қояды.(8-слайд) Мотивациялық және білімділік сапасын көтеру мақсатында оқушылардың зияткерлік-логикалық, эмоциялы-жігерлі үдерістерін дамытатаын танымдық мехнаттарын және шығармашылық ниет-мақсаттарын енгізу арқылы қамтамасыз етіледі.Тәжірибенің теориялық базасы.Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жеңісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.Осыдан бірнеше жыл бұрын мен сабақ берудің дәстүрден тыс түрлеріне назар аударып, оларды өзімнің сабақтарымда қолдануды шештім. Әсіресе, менің көңіл аударғаным, Ж.Қараевтың саралап оқыту технологиясы, В.Монаховтың деңгейлеп оқыту технологиясы, К.Жанпеисованың модульдік оқыту технологиясы, бірнеше жыл қатарынан мен оларды өз тіжңрибемнен өткіздім. Олар оқушылардың білім ретінде жоғары нәтижесін көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар дамыту мүмкіндіктерін де береді.Осыдан 10 жылдай бұрын мен өз сабақтарымда ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдана бастадым. Интерактивтік тақтаны қолдануды жете меңгердім. Мектеп басшыларынан менің оқу кабинетімде мультимедиялық кешеннің болуын талап етіп, қазір әрбір сабағымда интерактивті тақтаны тиімді қолдану деңгейіне қолым жетті.Қай жағынан алсақ та, оқу кабинетіндегі интерактивті тақтаның оқушылардың мотивациялық және білімділік сапасын көтеру мақсатында математикалық құзіреттілігін үнемі дамытуға ықпалы зор екеніне көзім жетті. Өз тәжірибемде мен сабақтың әр түрлі формаларын осы тақтаны пайдалану арқылы жүргіземін. Олар: ойын-сабақ, саяхат-сабақ, жарыс-сабақ, конференция-сабақ, аукцион-сабақ, семинар-сабақ, сабақ-жоба, сабақ-зачет, сабақ-интеграция.Бұл сабақтардың сипаты болып олардың құрылымы, сюжеті, осы сабақтың дәстүрлі еместігі, шығармашылықтығы, авторлы екендігі туралы айтуға болатындай педагогикалық тапқырлықтың өзіндік ерекшелігінде болып табылады.Математика сабақтарын оқушы қызығатындай етіп өткізу үшін мен сабақтарымда тарихи деректерді жиі қолданамын. Бұл жерде тек математика тарихымен ғана шектеліп қоймай, өмірде болып жатқан елеулі оқиғаларға байланысты деректерді әр түрлі тақырыптарда есептер құрастыру үшін пайдаланамын. Оқушылардың білім деңгейіне мезгілімен айқын, дәл баға беру олардың білімге құштарлығын арттыруға түрткі болары сөзсіз. Сонымен қатар оның тәрбиелік маңызы да зор. (9-слайд) Сол себепті тапсырмалар оқушылардың тек білімінің деңгейі ғана емес, олардың күтілетін нәтижелерге жетудегі әрбір қимылы, яғни әрбір іс-әрекеті тексерілетіндей етіп жасалады. Сонымен қатар төмендегідей ғылыми негіздемеге сүйене отырып, оқушылардың құзіреттіліктің үш деңгейіне жетуге мүмкіндік алуына жағдай жасалады. (10-слайд) Оқушылардың құзіреттіліктің бірінші деңгейіне жетуін тексеру үшін дәстүрлі оқу есептері пайдаланылады. Екінші деңгей қарапайым өмірлік мәні бар есептер шығару көмегімен жүзеге асырылады. Үшінші деңгейге жетуін тексеру үшін ұсынылған өмірлік жағдаятты өз бетінше «математикаландыру» қажет етілетін күрделі тапсырмалар құрастырылады. Мұнда оқушы жағдаяттағы математика құралдарымен шешілетін негізгі проблеманы анықтайды, соған сәйкес оның математикалық моделін құрады. Одан кейін қойылған математикалық есепті шешу жолдарын ойластырады, математикалық тұжырымдамалардың көмегімен оны шешеді. Бұл әрекет тапсырмада қарастырылған жағдаяттың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, есеп жауабын тұжырымдаумен аяқталуы қажет.Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу  қажеттілігі де осы себептен туындап отыр.  Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің  жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы  көңілді қуантады.Жаңартылған мазмұнды сабақтар оқушылардың оқу пәнінің мазмұнына деген қызығушылықтарын арттыруға стимул береді, бұл тәлім-тәрбиенің сапасын көтеруге, оқушылардың математикалық құзіреттілігін орнықтыруға әсер ететіні даусыз. Жаңа сабақты ойланып-толғанғанда, мен сабақтағы оқушының ролін де ойластыруға тырысамын. «Логарифмдер әлемінде» атты жинақтаушы саяхат-сабағындағы жиһангездің роліндегі оқушы немесе «Пифагор теоремасы және келешек» атты зиялы ғалымдар мәжілісінде баяндамашы немесе оппонент роліндегі оқушы өздерінің танымдарымен мені байқау тестісін мінсіз орындаған оқушыдан кем таңсандырмайды. Сол себептен мен шығармашылық тапсырмаларды құрастыру кезінде балаларға «Құр оқу емес, өз біліміңді көрсетіп, оны күтпеген формаларға келтіре отырып, пайдалану қызықты» — деп әрбір оқушыға зерделей отырып, қатал қараймын. Сабақта догматизмнен және авторитарлықтан арылған ортақ эмоционалды атмосфера да, мұғалімнің әртістік шеберлігі де, оқушылардың шығармашылық әрекеттерін ұйымдастыру да басты роль атқарады – осының бәрі оқушылардың эмоциялық ашық болуына, танымдық және шығармашылық белсенділігін дамытуға әсер етеді.(11-слайд) Егер түлектер менің сабақтарымда алған шығармашылық ойлау шеберліктерін өздерінің қазіргі кәсіби қызметтерінде пайдаланып жатса, меніңше, бұл мен таңдаған бағыттағы жұмыстың нәтижесі болып табылады деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы – 2008
  • Қ.Құдайбергенова. «Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі» (ғылыми-практикалық конференция материалдары) Алматы – 2008
  • Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі математика пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы МАН /Екінші Басылым/ 2015ж.
  • Мұғалімге Арналған Нұсқаулық Бірінші (Ілгері) Деңгей /Екінші Басылым/ 2014 ж
  • Журнал «Қазақстан мектебі», №12, 2010
  • Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
  • Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.