Меруерт Түсіпбаева өзінің алғашқы клипінде эротикалық көріністердің барын жайып салды (ВИДЕО)

0
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева NURTV.KZ-тің «Клип Show» атты жаңадан ашылған бағдарламасына келіп, өзінің алғашқы бейнебаяны жайлы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.
«Құдайға шүкір, Қазақстандағы алғашқы сапалы бейнебаянды өзім түсіргеніме қуанамын. Менің бойымда сенім үнемі болған. Бесінші сыныптың өзінде, болашақта Алматыда тұратыныма, көлігім, жақсы үйім болатынына сенімді болғанмын. Ол кезде Алматыда еш танысымыз жоқ. Әкем қатал. Бірақ менің бойымда сенім болды», — деді Түсіпбаева.

Сондай-ақ әнші өзінің алғашқы бейнебаянында эротикалық көріністердің барын айтты.

«Мұнда эротика бар. Ол кезде көйлек жоқ. Сондықтан бір актрисадан көйлек сұрап алғанмын. Енді бейнеклипті көрсем, мен жалаңаш отырмын. Өйткені режиссер клипті үстінен түсіргенде, менің лямкам көрінбей қалған.Жанымдағы клипке түскен жігіт күйеуім. Ол мүлдем жалаңаш. Ал мені оператор әдейі жалаңаш отырғандай қылып алған. Дұрыс айтасыз! Бұл ең алғашқы эротикалық нышаны бар бейнебаян», — деп күлді Түсіпбаева.