«Мақта қыз бен мысық» ертегі

0

«Мақта қыз бен мысық» ертегі

 

Автор: Тілеулес Ұлдана

 

Бағыты: Басқа Бөлімі: Өлең, ертегі, әңгімелер Сыныбы: 4 сынып

 

Жарияланған уақыты: 2018-12-31

 

Материал туралы қысқаша түсінік

 

ертегілерді түсіндіріп айту


 

Ертегі«Мақта қыз бен мысық»

Баяғыда Мақта қыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді. Қыз: – Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: – Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық: – Ендеше қатығыңды төгем! – дейді. Мақта қыз: – Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық: – Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді. Мақта қыз: – Менің қатығымды төле! дейді. Мысық сиырға барады. – Сиыр, маған қатық берші! – дейді. Сиыр: – Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді. Мысық ағашқа барып: – Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді. Ағаш: – Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді. Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді. – Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді. Қыздар оған: – Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді. Мысық дүкенге барады. – Әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді. Дүкенші: – Маған жұмыртқа бер! – дейді. Мысық тауыққа барады. – Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді. Тауықтар: – Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді. Мысық: «Енді не қыламын?» – деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады. – Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді. Тышқан қорыққанынан: – Үйімде бір табақ тары бар, – дейді. Мысық: – Маған бір уыс тары бер, – дейді. Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырақ береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.

Материалды сайттан тегін жүктеу

 

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

 

 


Тегтер:казакша ертегилерказакша ертегилер балаларгаказакша ертегилер кыскашаказакша ертегилер окуказакша ертегилер текстмакта кызмакта кыз бен мысык ертегимакта кыз бен мысык ертеги аудиомакта кыз бен мысык картинкимакта кыз бен мысык текстмакта кыз бен мысык фотомакта кыз на русскоммакта кыз переводмакта кыз сценариймакта кыз фотоМақта қыз бен мысықмақта қыз бен мысық авторымақта қыз бен мысық ертегімақта қыз бен мысық ертегісімақта қыз бен мысық ертегісі ашық сабақмақта қыз бен мысық ертегісі картинкимақта қыз бен мысық ертегісі мультфильммақта қыз бен мысық ертегісі слайдмақта қыз бен мысық ертегісі текстмақта қыз бен мысық ертегісінің кейіпкерлерінің суреттерімақта қыз бен мысық толық нұсқасықазақша ертегіқазақша ертегілерқазақша ертегілер оқуқазақша ертегілер скачатьқазақша ертегілер скачать бесплатно