Gelandewagen жүргізушісінің кім екені анықталды
Ер адам Алматыдағы ірі компанияны басқарады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдарындағы дереккөз
АСТАНА, 31 желтоқсан — Sputnik. Алматыда Абай және Сейфуллин даңғылдарының қиылысында жол апатына себеп болған Mercedes Gelandewagen жүргізушісінің жеке басы туралы мәлімет белгілі болды.
Ер адам ірі өндірістік компанияны басқарады, деп мәлімдеді Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдарындағы дереккөз. Сол күні кешке ол Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде көңіл көтерген. Дереккөздің мәліметінше, ер адам ресми некеде тұрмайды.
Сондай-ақ жүргізуші рөлге мас күйінде отырғаны анықталды. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау абақтысында. Полиция алдын ала тергеуді бастады, қажетті сараптамалар жасалып жатыр. Күдікті бес жылға дейін бас бостандығынан айырылып, ірі көлемде айыппұл төлеуі мүмкін.
Жол апатын тергеуді ішкі істер министрлігі бақылауына алды.
Жол-көлік оқиғасы 29 желтоқсан күні Алматыда Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында болды. Екі жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты, оның ішінде актриса Шолпан Елгезекова бар. Оның құрбысы Айзада Сатыбалдиева ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті.
Куәгерлердің айтуынша, Gelandewagen бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, басқа көлікке соқтығысқан, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/