Астана Жаңа жыл қарсаңында ертегі әлеміне айналды — Бір үзік

0

Астана әкімдігінің ресми сайты Жаңа жылға арналған фоторепортаж ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа жыл алдында елордамызда мыңдаған түрлі-түсті оттар мен бояулар, ерекше инсталляция және жарқыраған мұз мүсіндер пайда болып, шаһарымыз әрлене түсті. 

Қала көшелері мен саябақтары ақкөрпеге оранғалы қала тұрғындары мен қонақтары елорданың қысқы ертегісіне ене алады. Орталық көшелеріндің бағаналарында ақшақар және ою-өрнек түріндегі иллюминациялар орнатылды, жол айрықтар мен жаяу жүргіншілер жолдары жарқын фигуралар түріндегі қарлы шарлар, автокөліктер, жаңажылдық ойыншықтармен әшекейленді.

Қалалық алаң, Ботаникалық бақ аумағы, EXPO-2017, «Жетісу» саябағы, «Хан Шатыр» СОО аумағы, Президент саябағы, «Қазақ Елі» монументі алаңы, «Ататүрік» саябағы, Есіл өзенінің жағалауы, «Жерұйық» саябағы, Ақбұлақ өзенінің жағасы, «Алатау» СК аумағы түрлі декорациямен әрленген.

Алайда, қала тұрғындары мен қонақтарының ең сүйікті демалу орындары болып Есіл өзенінің жағасы, сырғанақтар мен мұз айдындары қала бермек. Мұнда кішкентай қонақтар мен ересектерді түрлі-түсті жарықпен көмкерілген мұздан жасалған мүсіндер, тюбингті жалға алып сырғанауға арналған кішкентай және үлкен төбешіктер қарсы алады. Ересектер үшін ұйымдастырушылар жалға берілетін конькилерді, шаңғылар мен хоккей таяқтарын ұсынуда.

Қаланың көптеген аудандарында жаңадылдық шыршалар орнатылған.

Әрқайсысы бір-бірінен әсемдігімен ерекшеленеді. Келер жылды білдіретін көлемді сандар дәстүрлі әшекейлер болды. Оларды жарқыраған дәліздерден, постаменттерден, қаламыздың көрікті жерлерінен көруге болады.

Айта кетейік, Астанада #AstanaWinterland атты қысқы ертегі жобасы бастау алған болатын. Оның аясында: 12 тақырыптық алаң, 32 мұз айдыны, 36 мұз төбешік ұйымдастырылып, 400-ден астам іс-шара өтеді.

Қалада түрлі-түсті шамдар қосулы, аяқ астында қар сықырлап, жапалақтап жауған қарды қолға қондырғыңыз келеді. Жаңа жыл қарсаңындағы ертегі уақыты басталған болуы керек. Мерекені сезіну үшін қала көшелеріне шығып, алаңдарға барып, мұз айдындарында, сырғанақтарда балалық шақты еске алып, ойнаңыз. Ертегі әлемі сізді күтуде.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz