Тұтқын арқан сатының көмегімен түрмеден қашып кетті

0
Тұтқын арқан сатының көмегімен түрмеден қашып кетті


Франция полициясы жексенбіде «Френ» түрмесінен (Валь-де-Марн департаменті) қашқан қылмыскерге іздеу салды.

Бұл туралы France Info радиостанциясы хабарлаған. Деректерге қарағанда,аты-жөні әзірге құпия сақталып отырған тұтқын арқан сатының көмегімен түрменің қабырғасынан асып түскен. Сақшылар оқ атқанмен, тұтқынды тоқтата алмаған.

Қылмыскердің құлып бұзғаны үшін сотталғаны белгілі. Бұған дейін ол сот залынан қашып кетуге тырысқан. Осы қылмыстары үшін үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған. Fresnes- Франциядағы ең ірі түрмелердің бірі. Сарапшылардың айтуынша, ол елдегі ең нашар пенитенциарлық мекемелердің қатарында. Түрме тұтқындармен 200% толған. Бір сақшы 100 тұтқынды бақылауы керек. 

Дереккөз: ҚазАқпарат