Бұрынғыдай болмайды: 2018 жылы Қазақстанды өзгерткен 5 оқиға

1

2018 жылы Қазақстанда мемлекеттік маңызы бар қуанышты, қайғылы оқиғалар орын алып жатты. Біздің тізімге ит жылы орын алып, Қазақстанды өзгерткен оқиғалар енді

Геннадий Головкин: Ең танымал қазақстандық боксшының өмірбаяны

Қазақтанда бокстың жоғарғы деңгейде жақсы дамығанын әлемдік рингтерде дәлелдеп жүрген Геннадий Головкинді күллі республикамыз мақтан тұтады. Әр жекпе-жегінде қазақтың ұлттық шапанын киіп, туған еліне деген шексіз құрметін тек сөзімен ғана жеткізіп қоймай ісімен көрсеткенді жақсы көретін боксшыны еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін сыйлайды. Боксшы мансабында бірінші рет жеңіліп қалғанда, қазақстандықтардың түгелі делік, GGG-ді қолдап шықты.

Головкин Сауль Альвареске қарсы өткізген екінші жекпе-жегінде жеңіліп қалса, да, қазақстандықтар үшін бәрібір чемпион болып қалды. Естеріңізге сала кетейік, екі боксшының екінші кездесуі 15 қыркүйек күні, Лас- Вегас қаласында өтті. Екінші жекпе-жектің әділетсіз өткенін бірнеше бокс мамандары айтты, төрешілердің бұрыс шешімі туралы пікірлер БАҚ-та жарияланды. Беделді The Ring басылымы Геннадий Головкиннің дәл осы кездесуін жыл жекпе-жегі деп атады.

Денис Тен

Денис Теннің қазасы тек Қазақстанды емес, күллі әлемді қаралы қайғығы орады. Ел мақтанышы, спортшымыздың 40 мың теңгеге бола дүниеден ерте озғаны қазақстандықтардың жүрегін қанжылатты. Отандастарымыз үшін Денис Тенді сағынышпен еске алмау мүмкін емес секілді. Фигуристің өлімі еліміздегі полиция қызметінің жұмысын қатты сынға алды. Полицияда заңсыз жолмен ақша табатындарды, қылмысты дұрыс тергеуді білмейтіндерді жұмыстан шығарып, реформа жасау туралы бірнеше рет ұсыныс жасалды. Елбасы Олимпиада жүлдегерін өлтірген қылмыскерлерге жазаның ең ауыр түрі берілетінін айтқан.

Өмірден аққан жұлдыздай ерте өте шыққан спортшымыздың армандары, жоспарлары көп болғанын достары, жақындары, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да айтқан еді. Қазақстандық фигуристшінің армандарын еліміздің беделді тұлғалары орындауға кірісті. Мысалы, Тимур Балымбетов Денис Тен ойластырған сюжет бойынша фильм түсіруді жоспарлап отыр.

Баспасөздің баһадүрі Шерхан Мұртазаның өмірбаяны

86 жасында дүниеден озған жазушы қазақ әдебиетінде, Қазақстанның өмірінде өшпес із қалдырды. Алып тұлғаның қазасы бүкіл қазақ жұртының қабырғасын қайыстырды. Жазушының көптеген туындылары бірнеше шетел тілдеріне аударылған. “Қара Маржан”, “Қызыл Жебе”, атты романдардың, “Сталинге хат” пен “Бесеудің хаты” пьесаларының авторы шығармашылық жолын студент кезінде бастаған. Лазарь Лагиннің “Старик Хоттабыч” және Мұстай Кәрмінің “Радость нашего дома” туындыларын аударған.Оның тұңғыш “Құрылысшы Даку” атты очерктер жинағы 1958 жылы жарық көрген. Халықтың біртуар ұлы, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Бауыржан Момышұлының жанына жерленді.

Мемлекет бір педофилді кастрациялау үшін қанша қаражат жұмсайтыны анықталды

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық cтатистика және есепке алу туралы комитетінің мәлімдемесінше, Қазақстанда әр жыл сайын 100-ден аса бала педофилдің қолынан зардап шегеді. 2018 жылы балаларға жасалатын қылмыстың алдын-алу үшін педофилдердің барлығын химиялық кастрациядан өткізу туралы заң қабылданған болатын. Республикамызда осыған дейін де балаларға зорлық көрсететін педофилдерді жазалау үшін, олар қылмыстан қашып құтылмауы үшін екі жыл бұрын, яғни 2016 жылы ұл-қызымызды зорлаған азғындардың генетикалық базасы жасалды.

Еліміздегі ЖОО-лар жатақханаға мұқтаж студенттер үшін хостелдер жалдайтын болады

Мемлекет жоғарғы оқу орындарына жатақхана, асхана, кітапхана салып бермейді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жыл басында мәлімдеген. Мекемелерді салуға арналған ақшаларға грант саны арттылады.

Источник: Stan.kz