Германия мен Дания арасында суасты туннелі салынады
Алматы, BAQ.KZ. ГФР билігі Германия мен Дания арасындағы суасты туннелінің құрылыс жобасын мақұлдады. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Аталған жобаның жалпы құны 8 млрд еуроға бағаланып отыр. Туннел немістердің Фемарн аралы мен даттардың Лоллан аралдарын жалғайды деп жоспарлануда. Оның ұзындығы 19 шақырымды құрайды. Оның ішінде төрт жолақты автокөлік жолы мен екі теміржолы болады.
Құрылысы аяқталған соң нысан Дания үкіметінің меншігіне беріледі. Өйткені бұл ел қаржыландырудың басым көпшілігін мойнына алып отыр, қалған қаражат ЕО бюджетінен бөлінеді.
Қазіргі уақытта Ферман Германия құрлығымен автокөлік жолымен қосылған. Жаңа туннел қозғалыс жылдамдығын арттырып, немістің Гамбург, Бремен, Ганновер қалаларының және Данияның Копенгаген қаласымен шведтердің Мальма қаласы тұрғындары үшін үлкен сұранысқа ие болады деп күтілуде.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ