Қазақша мақал — мәтел: Ой, ес, пікір, ақыл
Ойлай алмаған
Тереңге бойлай алмайды.
Ойсыз өңмендеуін қоймас.
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
Ойсыз ұлдан мисыз құл.
Ойы шолақ адамның ісі олақ.
Ойна, жұмысты да ойла.
Ойлай берсең, ой да көп, сана да көп,
Ойнай берсең, ой да жоқ, сана да жоқ.
Арық атанды жүк қартайтады,
Семіз қойды май қартайтады,
Күйгелек адамды ой қартайтады.
Омыртқаңмен ойлас,
Қабырғаңмен кеңес.
Ойшы ой ойлағанша,
Тентек іс бітірер.
Ойлану кейде наркескен,
Жүректі сара тіледі.
Сынамаған алдырар,
Ойламаған ұтқызар.
Өткеннің үлгілі сөзін жатта,
Көңіліңе ой салады әр уақытта.
Игі іс өлмейді,
Ізгі ой өлмейді.
Арымақ, семірмек ойдан.
Ойсыздың бәрі өркөкірек.
Ойсызды би сайласаң, тәкаппар етесің.
Әркім өз ойынан хабар берер.
Ай қамын бір рет ойласаң,
Жыл қамын он рет ойла.
Бой жетпеген жерге ой жетеді.
Шыдаған ойына жетер.
Ала ойлаған алысқа бармайды.
Құлықсыз құлақ ойға олақ.
Көлді жел қозғайды,
Ойды сөз қозғайды.
Оймақ пішсең де, ойлап піш.
Маймылдың басы ойнауға жеткенмен,
Ойлауға жетпейді.
Диуананың ойында да бір нәрсе бар.
Әркімнің бір ойы бар,
Қорасында мың қойы бар.
Шойын қара,
Шойын қараның ойын қара.
Түйедей бой бергенше,
Түймедей ой бер.
Өгізді оқалақ аздырар,
Естіні ой аздырар.
Көп ойласаң дана боласың,
Көп ойнасаң бала боласың.
Адам ойға тоймас,
Бөрі қойға тоймас.
Көптің ойы кемеңгер.
Тура отырып қыңыр ойлама.
Қиынға қиналмаған оңайға ойланбайды.
Сабырлы ойлаған саспай жауап береді.
Айнаға үйір бойын түзейді,
Халыққа үйір ойын түзейді.
Дананың ойы ортақ.
Оқу ойдан артық емес.
Көп ойлаған табар,
Көп үрлеген жағар.
Бойыңдай бой табылғанмен,
Ойыңдай ой табылмайды.
Қуатты қол — құрыш,
Даналық ой — ырыс.
Патша бере алмаған ақылды ойшыл берер.
Мұңайғанда мұң бар,
Жымиғанда сыр бар.
Ердің жақсысы елімен ойласады,
Әйелдің жақсысы ерімен ойласады.
Қыстың қамын жаз ойла,
Жаздың қамын қыс ойла.
Нақыл қайдан шығады, ой болмаса,
Киіз қайдан шығады, қой болмаса.
Ішіңде пікір өлгенше,
Сыртыңда талау болсын.
Періштенің айтқаны мен ойлағаны болады.
Тұрмыс түзетер ойыңды,
Ойың түзетер бойыңды.
Өзін ғана ойлаған — Жамандықтың белгісі,
Өзгені де ойлаған — Адамдықтың белгісі.
Ертеңін ойламаған еркектен без.
Ойға қонған ой өлмейді
Ой да тұтқындалады.
Ойы бөлектің жолы бөлек.
Қыран жетпеске қиял жетеді.
Атадан баланың ойы өзге.
Көз көргенді ой таниды.
Тойған қарын ойға бөгет.
Тәтті сөз, түзу ой — тағдыр сыйы.
Түс — күндіз бұққан ойдың елесі.
Көңілдегі көрікті ойдың
Ауыздан шыққанда өңі қашады.
Көп сұраған алар,
Көп ойлаған табар.
Біреудің бойы аласа,
Біреудің ойы аласа.
Көп ойланған құл қаша алмайды.
Отызда ой толады,
Қырықта қырға шығады.
Ойлай берсең дана боларсың, ойнай берсең бала боларсың.