Парламент сайлауындағы бүлік: бірнеше адам қаза тапты
Бангладеште парламенттің 11-шақырылымына депутатарды сайлау өтіп жатыр.
Деректер бойынша, тәртіпсіздіктер кезінде кем дегенде жеті адам мерт болған. Бүгін жергілікті уақытпен 08:00-де дауыс беру басталған, ол 16:00-ге шейін жалғасуы қажет. Заң шығарушы жиналыстағы 300 орынның 299-ына 39 партия және саяси блоктан 1848 кандидат үміткер болып отыр. Сайлау кезінде бүлік шығуының алдын алу мақсатында билік жылдамдығы жоғары интернетті сөндіруге мәжбүр болған. Сайлау жүріп жатқан кезде билеуші партияның жақтастары мен оппозицияшылдардың арасында бүлік шығып, тәртіпсіздіктердің салдарынан бірнеше адам қаза тапқан.
Дереккөз: ҚазАқпарат