Екі жұлдыз
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Екі жұлдыз
Автор: Баянбеков Кайратбек Алжапарович
Бағыты: Сынып жетекші Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: 9 сынып
Жарияланған уақыты: 2018-12-30
Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі өткізілетін іс-шара
1 жүргізуші Сахна төріне – салтанатты сәні бар, Адамдық қасиеттердің бойында бәрі бар, Ұстаздарды құрметтей білетін, Қоғамдық істерде белсеніп жүретін Мусанова Гулнара апай мен Ботадай көзі бар, Тәп-тәтті сөзі бар. Сүйкімді сұлу биолог, Мұқала Бақытнұрды «……………………..» әнімен ортаға құрметпен шақырамыз. 2 жүргізуші:Ортаға – ойлаған ойы мен сұңғақ бойында бір міні жоқ, Асықпай қадам басатын, Үн-түнсіз қырдан асатын, Ибалы жүзді, ниеті ізгі Дидар мен Әдемі сурет салатын, Сабақтан рахат табатын, Қатарының гүлі, Сылдырлаған үні бар Ақботаны « » әнімен ортаға ду қол шапалақпен шақырамыз. 1 жүргізуші:Сахна төріне — Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, Ұстаздарға әрқашан мейірімді дос болуға жарайтын, Қалаған ісіне шын беріле істей білетін, Үлкен мен кішіні бірдей сыйлап жүретін Дана апай мен Мінез-құлықты бірден болжайтын, Балаларды әр кез қолдайтын, « Тренинг өткізем» ,- деп жолдайтын, Педагогтарды қорғайтын психологымыз Қуанышты ортаға әсем әнмен шақырайық.2 жүргізуші:Келесі кезекте – Қазақи қалып бойында мүсінделген, Тіл табыса білетін кісіңменен, Асықпай қадам тастап, жүретін Әсем асқақ Айгүл апай мен талапты, талантты, көпбалалы абзал ана, өз ісіне жауапты, Шынар апайды ……………………………………………. ортаға шақырамыз.1 жүргізуші:Енді ортаға — Өз ісіне ұқыптылықпен бойлаған, Қоғамдық істерге талпынған, Қисық кетпес салтымнан, Айтқан тапсырманы тындыратын ұдайы, сыпайы Сайраш пен Мөлдір шықтай жаудыраған жанары, Таудай болған ниеті мен талабы, Жұптың сенімін ақтай аламын, Бүгінгі сайысқа бар күшімді саламын ,- деп келген сабырлы Саяны « » әнімен ортаға қошеметпен шақырамыз. 2 жүргізуші:Келесі кезекте – Сегіз қырлы, бір сырлы нағыз жігіттер. Айтқан сөздері шынайы, Мінездері сыпайы, Сөздері алтын, Көңілдері жарқын Қуандық пен Тоқмұрат ағамызды « » ду шапалақпен ортаға шақырайық 1 жүргізуші:Ортаға — ісіне сөзі сай, ішкі дүниесі керемет бай, әдемі киім киісі, сыпайы жүріс-тұрысы, артық бір сөзі жоқ, бірақ атқарған ісіне ұстаздардың көңілі тоқ ата-аналарды құрметпен қарсы алайық?! 1 жүргізушіСүйікті де сүйкімді, Білгір де білімді. Көп тілдерді білетін, Күлімдеп ылғи жүретін Жайдарлы Жадыра мен Ақынжанды рухы кең, Тілші маман сөзі ем нұрлы жан Нұржанды шақырамыз.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.