Улан-Удэде тікұшақ жанып кетті, бірнеше адам қаза болды
Бурятия астанасы Улан-Удэ қаласында жергілікті уақытпен таңғы 11 шамасында «Робинсон» тікұшағы апатқа ұшырады.
Улан-Удэде тікұшақ жанып кетті, бірнеше адам қаза болды. Алдын-ала деректер бойынша, тікұшақ жергілікті кәсіпкерге тиесілі. «Робинсон» тікұшағында болған төрт адамның барлығы қаза тапқан. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, тікұшақ алдымен әуеде тұрып, артынша жерге құлап, ағаштарға соғылып, жанып кеткен. Оқиға Жоғары Березовка ауданында болған. Қазір апат болған маңай қоршауға алынды. Өрт сөндірушілердің машиналары, жедел жәрдем және полиция оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.