Қытайдағы плацкарт вагон блогерді қайран қалдырды — Даму

0

Чудо техники YouTube каналының жүргізушісі Қытайдағы заманауи плацкарт вагонды көріп таңғалды.

Блогер Шанхайдан Бейжіңге дейін жүретін (арасы 1500 шақырым) пойызға билет сатып алған. Пойыз жүретін күні сатып алынған билеттің құны алты мың рубль болыпты (шамамен 33 мың теңге). 

Пойызда жатын орнымен бір ұзын вагон бар. Ішінде таза төсек-орын, үстел, жаңа тәпішке, пердеше, розеткалар, әркімге жеке жарық берілген. Ұнаған орынды таңдауға болады.

«Бұл ең жаңа пойыз. Сөзім жоқ, тек эмоция. Бұл жерде ұйықтай бергің келеді. Барлығы сапалы жасалған. Тез әрі жайлы жеттік, вагон өте тыныш және бір сарынмен қозғалды», — деп суреттеді роликтің авторы.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz