Көкшетау полицейлеріне 20 жаңа көлік сыйға берілді

0
Көкшетау полицейлеріне 20 жаңа көлік сыйға берілді


Көкшетау полицейлеріне жаңа 20 қызметтік «Нива» автокөлігінің кілті берілді.

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Көкшетау қаласы бойынша учаскелік полиция жəне жол-патрульдік полициясы батальонының қызметкерлеріне су жаңа 20 қызметтік «Нива» автокөлігінің кілтін табыс етті. Тәуелсіздік алаңында өткен салтанатты шарада аймақ басшысы өңірде жылдан жылға тәртіп сақшыларының материалдық-техникалық базасы жақсартылып келе жатқанын атап өтті.

«Бүгінгі күні полицейлерге ел тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін қамтамсыз етуде үлкен міндеттер жүктеліп отыр.  Ақмола облысының тәртіп сақшылары Елбасының алға қойып отырған міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Соңғы уақытта облыс әкімдігі тарапынан жергілікті полиция қызметінің материалдық техникалық жағынан қамтылуына барынша қолдау көрсетіліп келеді»,- деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, аймақ басшысы алдағы уақытта да осындай игі істердің жалғасын тауып, мемлекеттік органдардың автопаркінің нығайтыла беретінін атап өтті. Шара барысында сап түзеген сақшылар мен жаңа қызметтік көліктердің шеруі ұйымдастырылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат