Ағзаңызға қандай дәрумен жетіспейтінін білігіңіз келе ме?
Адам ағзасының барлығы бір-бірімен байланысты. Сондықтан аяқ астынан бетіңізге безеу шығып, көзіңіздің айналасы қарайса, косметиканың көмегімен жасыруға асықпаңыз. Бәлкім, сырт келбетіңіздегі өзгеріс денсаулығыңыздың сыр бергенін білдірер.
Иектегі безеу
Иегіңізде безеу пайда болса, әйелдер дәрігеріне қаралыңыз. Бұл аймақтағы кез-келген бөртпе жыныстық аурулар мен гормондардың бұзылуын хабарлайды. Өз бетіңізбен емделмеңіз. Алдымен, аналық жыныс безін тексертіп, микрофлорадан жұғынды алып, гормондарды анықтау үшін қан тапсырыңыз.
Тырнақтағы дақ
Тырнағыңызда ақ дақтар кездессе, ағзаңызда дәрумендердің жеткіліксіз болғаны. Медицинада лейконихия деп аталады. А және Е дәрумендері, темір мен мырышы мол өнімдерді күнделікті аста пайдалану арқылы емделіңіз.
Маңдайдағы бөртпе
Ұсақ бөртпелер мен безеулер теріңізді дұрыс тазаламайсыз деген сөз емес. Маңдайдағы бұл мәселе асқазан-ішек жолдары жұмысының бұзылуынан туындайды. Гастрит не дисбактериозға шалдыққан болуыңыз мүмкін. Сондықтан гастроэнтерологтың көмегіне жүгініңіз.
Шаштың түсуі
Оның себебі әр түрлі болады. Күз бен көктемде шаштың түсуі үдеп кетеді. Әңгіме бұл туралы емес. Басыңызды жууға, тарауға қорқатын болсаңыз, біздің кеңеске жүгініңіз.
Дұрыс тамақтанбау, мерзімі мызғымайтын диета, қатты күйзеліс, гормондардың бұзылуы әсер етеді. Күйзеліс деп қалдық. Қажып, шаршағаныңыз шашқа 2-3 айдан кейін әсер етіп, кенеттен шашыңыз түсе бастайды. Ол жағдай сіздің есіңізден шығып кетті, бірақ сіздің ағзаңыз оны ұмытпайды. Депрессияға түсуден, торығудан сақтаныңыз.
Сонымен қоса, арнайы сусабын сатып алу үшін дәріханаға жүгірмеңіз. Қан құрамына биохимиялық және гормоналдық сараптама жасатыңыз.
Көз астының күлдіреуі және ісуі
Бүйректі тексертетін уақыт жетті. Таңертең көзіңіз ара шаққандай ісіп тұратын болса, дәрігерге көрініңіз. Үй жағдайында емдеу еш нәтиже бермейді. Тек мамандар кеңесіне жүгініңіз.
Көз астының көгеруі
Барлығымыздың көзіміздің асты білінер-білінбес қарайып тұрады. Дегенмен тым қошқыл көлеңке пайда болып, ажарыңызды кетірсе кардиологқа барыңыз. Бұл жүрек қан тамыры жұмысының дұрыс еместігін аңғартады.
Беттегі ұсақ тамырлар
Оларды корректордың көмегімен күні бойы жасырып ұстауға келмейді. Беттегі қызыл тамырлар бауырдың сырқатын және оның созылмалы дертке шалдыққанынан білдіреді.
Тырнақтың көкшілденуі
Өте сирек болса да тырнақтың көгеріп, қабыршықтанып кетуі кездеседі. Өзіңізден байқасаңыз тез арада дәрігерге көрініңіз. Бұл ағзаға оттегінің жетіспеуінен пайда болады. Медицинада цианозом деп аталады. Ең алдымен қанға жалпы сараптама жасап, гемоглабиннің, қан жасушаларына оттегінің жету деңгейін анықтау керек.
Бозару
Табиғи ақ тері туралы емес, түрдің солғын тартып, бет шырайының таюын айтамыз. Сіздің ағзаңызға темір жетіспеуі мүмкін. Қаныңызды тексертіп, қант құрамын анықтаңыз. Міндетті түрде темірді көбейтудің қажеті жоқ болар. Дәрігермен кеңесіңіз.
Ирек тырнақ
Сау тырнақ тегіс келеді. Оның дөңес, толқынды бола бастағанын сезсеңіз мамандарға жүгініңіз. Ирек тырнақ – қан аздықтың белгісі. Демек, сіздің ағзаңыз темірді қажет етеді.
Балғын БОЛЫСБАЙҚЫЗЫ
«Алауинформ«