Қазақстанда көкөніс күрт қымбаттады — Қоғам|28 Желтоқсан 2018, 15:35
Фото: mallofsofia.bg
Астана, BAQ.KZ. 2018 жылдың желтоқсанында алдыңғы айлармен салыстырғанда қияр – 45,8%, қызанақ – 32,8%, қырыққабат – 18,3% қымбаттады. Бұл жөнінде LS порталы хабарлайды.
Пияз – 6,3%, сарымсақ – 5,5%, картоп – 2,7%, қызылша – 1,2%, сәбіз – 0,6% қымбаттаса, алма 0,7% арзандаған.
Өз кезегінде, тары – 1,4%, ұн – 0,9%, нан, сұлы жармасы, күріш – 0,4% қымбаттаған.
Тауық еті – 2,5%, қой еті мен жылқы еті – 0,8%, шошқа еті – 0,7%, сиыр бауыры – 0,6%, жартылай қақталған шұжық – 0,5%, сиыр еті – 0,4% қымбаттаған.
Сүт – 3,1%, жұмыртқа – 2,4%, күнбағыс майы мен майонез – 0,8%, өсімдік майы – 0,7%, маргарин – 0,6% қымбаттай түскен.
Сонымен қатар, арақ – 1,3%, қара шай – 0,6% қымбаттаған.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ