Шымкентте емханалардағы медициналық қызметтер цифрландырылды

0
28 Желтоқсан 2018, 18:35 231 0

Астана, BAQ.KZ. Қазіргі таңда Шымкент қаласында мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі медицина саласында көрсетіледі. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, электронды түрде көрсетуге мүмкіндігі бар мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру бойынша іс-жоспар құрылды.

Іс-жоспар аясында Департамент және қала әкімдігі тарапынан мобильдік топ жасақталып, Шымкент қалалық емханаларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын және электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесіне БАҚ өкілдерімен бірге бақылау жүргізілді.

Бақылау барысында қала тұрғындарының цифрлық сауатын жандандыру бойынша«Damumed» «K-Vrachu.kz» мобильдік қосымшалары арқылы электронды көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі туралы алгоритімі көрсетілген инфографикалар және емханалардың орталық залындағы экрандардан бейнероликтер көрсету қолға алынған.

Департамент басшысы Ә.Көмекбаев өз кезегінде, біздің ортақ мақсатымыз азаматтарды уақыттылылыққа, дербестендіруге, алдын алуға, технологиялық және қауіпсіздік критерийлеріне сәйкес келетін қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ денсаулық сақтау саласын цифрландыру тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға септігін тигізетінін атап өтті.

«Сонымен қатар, Департаменттің 51-51-51 сенім телефоны және 8(702) 201-51-51 WhatsApp нөмері барлық емхана ғимараттарында ілінген және келіп түскен қоңырауларға Департамент тарапынан азаматтардың құқықтары бұзылған жағдайда қалпына келтіруге бағытталған шаралар қолданылады» — деп мәлімдеді Әли Көмекбаев.

«Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» барлық емханаларда толығымен қамтамасыз етіліп, оған арнайы қызметкерлерді бекіту арқылы egov.kz, «Damumed» және «K-Vrachu.kz» мобильдік қосымшаларымен алу тәсілдері азаматтарға түсіндірілуде» — деді басқарма басшысының уақытша міндетін атқарушы Ғ.Әбішев.

Сонымен қатар, учаскелік дәрігерлердің жұмысымен танысып, «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша азаматтардан өтініштер қалай түсетінін іс-шара барысында емхана қызметкерлері тәжірибе көрсетті.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ